Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Сайрам ауданының жастары жуырда Ютуб желісінің жұлдыздары әнші Нұрым Қуаныш және пародист Асқар Көмекбаевпен кездесу ұйымдастырды. Аталған кеш «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің директоры Ж.Хамраеваның басшылығымен аудандық «Нұр Отан» партиясының ғимаратында өтті. Тараздық Нұрым Ютуб желісінде өзінің гитарамен әуелете салған әнімен жастар арасында танымалдыққа ие болған. Оның гитараның әсем үнімен үйлескен дауысын көпшілік ұнатады. Осыдан үш жыл бұрын ол әлеуметтік желілерде 10 –нан астам әндерін жариялады. Содан бері оның әндерін іздеп жүріп тыңдайтындардың қатары артып келеді. Ал сол әндерінің ішіндегі ең танымалы «Четыре татарина» әні болатын. Әнші өзінің жоғары оқуға түсуді жоспарлап жүргенін айтты. Нұрым өзінің репертуарындағы бірнеше әнді орындап берді. Ал ақтөбелік талантты пародист Асқар пойыздың даусын салуымен көпшіліктің көзайымына айналған. Сондай ақ әншілердің дауысын салатын өнері де бар. «Маған кез келген әншінің даусын салған қиынға соқпайды. Алайда сол арқылы нәпақа табамын деп ойлаған емеспін» дейді Асқар. Ол «Әзіл әлемі», «Алдараспан», «Шаншар»-дың қойылымдарына қатысқан. Түрлі дауыстарды түрлендіріп салатын Асқар Нұржан Төлендиевтің, Қайрат Нұртастың тіпті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың да дауысын салады. Кеш Асқар мен Нұрымның концертіне ұласты.
Связанные истории
13.09.2024
272763