Режиссер Ақан Сатаевтың жуық арада түсірілетін екі бірдей фильміне жарияланған кастинг Оңтүстік Қазақстан облысының орталығында өз мәресіне жетті. «Көшбасшы жолы. Астана» және “Томирис” кино картиналарына актерлерді іріктеу маусым айында басталған болатын. Енді қыркүйек айында „ Көшбасшы жолы. Астана„ картинасының түсірілімі басталса, тарихи Томирис фильмін түсіру келесі жылға қалдырылып отыр. Киноға түсу үшін іріктеу турында 250 адам бағын сынады. Актерлық мамандығы болмаса да, кәсібилігі болмаса да өзін экраннан көруді арман тұтқандар да бар. Ал арасында кәсіби актерлер де жоқ емес. білікті актерлерге қойылған талап та жоғары. Олар фотоіріктеуден бөлек камераға алдын ала дайындалған монолог оқуы тиіс. Киноға түсуді армандағандарға қойылар талап та қатаң болды. Республикалық жобаның бас продюссері Әлия Назарбаева болып табылады. Кино екі тілде түсірілмек. «Көшбасшы жолы. Астана» туындысының түсірілімі Алматыдан Астанаға ауысытырылды әрі осы күзде басталмақ. Тарихи туынды «Томирис» түсірілім жұмыстары келер жылға жоспарланып отыр. Кастинг директордың ассистенті Әйгерім Абылханова: «Көптеген қызықты ролдер бар. Ешкімге ұқсамайтын образдар қызықтырады бізді. Бұрыннан экранда жүрген актерлер де ойнайды әрине. Әрі Ақан Сатаевтың әр фильмінде бір жұлдыздың бағы жанады. Бүкіл Қазақстанды аралап жүргендегі мақсатымыз да сол талантты бірегей тұлғаларды табу» дейді. Кастингтегі барлық бейне материалдар мен суреттер «Казақфильм» киностудиясына жіберіледі. Кастинг директордың бекітуімен үміткер Алматыға шақыртылады. Кастингке қатыса алмай қалғандар анкетасын толтырып, суретімен бірге Sataifilm студиясына жіберуіне болады.