Түркістан облысына қарасты Арыс аудандық орталық ауруханасында, хирургия бөлімшесіне 44 жастағы пациент жастағы шұғыл түрде түсті. Түскен кездегі диагнозы бауырдың жарылу қаупінде тұрған эхинококкты кистасы. Дәрігерлер жан жақты тексеруден соң шұғыл ота жасау керектігін шешкен. Ота жасау барысында бауырдан салмағы бір келі шығатын эхинококкты кистасын алған. Отаны бас дәрігер М.Төлегенов және хирургия бөлімінің меңгерушсі Т.Тажметов жасады. Ота өте сәтті өтті.
Дәрігерлер гидатидті кистаның қайталануын болдырмау үшін оған диета мен күнделікті режим туралы ұсыныстар берді. Науқасқа бауырдың жағдайын бақылау үшін жүйелі түрде тексерулер мен дәрігерлердің кеңесінен өту ұсынылды. Науқас өзін аман алып қалған медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі мен денсаулығына қамқорлығы үшін алғысын білдірді. Науқас операциядан тез сауығып, біраз уақыттан кейін үйінде емделуге ауруханадан шығарылды.
Эхинококк — бұл ауыр созылмалы ағыммен және эхинококкалық кисталардың әртүрлі ағзалар мен тіндері пайда болуымен сипатталатын құрт ауруы болып табылады. Аталмыш дерт көбіне еңбек ету қабілетінің жоғалуы мен мүгедектікке алып келетін ауыр асқынуларды тудырады. Эхинококты ит, түлкі сияқты жыртқыш жануарлардың ішегінде тіршілік ететін лента паразиті Эхинококк қоздырады. Адамдар ауру жануарлардың нәжісімен немесе олардың қоршаған ортасымен байланысқанда ауруды жұқтырады.
Эхинококкоздың белгілері қандай органның зақымданғанына байланысты. Олар зардап шеккен орган аймағындағы ауырсынуды, қызбаны, әлсіздікті, аллергиялық реакцияларды және басқа да жағымсыз жағдайларды қамтуы мүмкін. Эхинококкозды емдеу күрделі және ұзақ болуы мүмкін. Ол антигельминтикалық препараттарды қабылдауды, кисталарды хирургиялық алып тастауды және қалпына келтіру шараларын қамтиды.
Эхинококк инфекциясының алдын алу үшін гигиеналық ережелерді сақтау, ауру жануарлармен байланыста болу, үй жануарларына кеміргіштерді аулауға жол бермеу, оларды құрттардан үнемі емдеу ұсынылады. Жалпы, эхинококк дер кезінде және кешенді емдеуді қажет ететін қауіпті ауру. Күдікті белгілер пайда болған жағдайда дәрігермен кеңесіп, асқынулардың алдын алу үшін оның ұсыныстарын орындау маңызды.
Эхинококк адам организмінде тек қана дәрнәсілдер түрінде паразиттік тіршілік етеді, бауыр, өкпе, бас миы, жүрек және басқа да ағзаларды зақымдайды. Оның дәрнәсілдері кисталар құрып ағзаның тіндеріне енеді және көбейеді. Емдеу паразиттің орналасуына, клиникалық көрінісіне және науқастың жалпы жағдайына байланысты. Хирургиялық араласу емдеудің негізгі әдісі болып табылады. Эхинококк жұмыртқалары сондай — ақ малдың жүніне (иттер ластаған жерден), ал одан- малды қырқу, сауу, бағу немесе теріні өңдеу кезінде адамның қолына түсуі мүмкін.
Сондай-ақ, ластанған су қоймаларнан су ішуден аулақ болу, эхинококк жұмыртқаларымен ластануы мүмкін шикі көкөністер мен жемістерді жемеу, барлық отбасы мүшелерін, соның ішінде үй жануарларын құрт ауруынан дер кезінде емдеу керек. Егер аурудың белгілері анықталса (іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу, әлсіздік, сарғаю және т.б.) диагноз қою және тиісті емдеуді тағайындау үшін дереу дәрігермен кеңесу керек.
Емдеуден гөрі алдын алу әрқашан жақсы екенін есте сақтаған жөн, сондықтан барлық профилактикалық шараларды ұстанып, денсаулығыңыз бен үй жануарларыңыздың денсаулығын қадағалау керек деп дәрігерлер кеңес береді. Аталған қатаң шараларды сақтамаған жағдайда ауыр да күрделі ота жасауға дейін жетуі мүмкін. Сондықтан да әрдайым гигиенаға мән беріп, сақтанып жүрген абзал дейді дәрігерлер