Бүгінде Түркістан облысына қарасты Сауран аудандық емханасында түрлі қауіпті де қатерлі аурулардың алдын алу үшін тұрғындар арасында ақпараттық бағыттағы түсіндеріме жұмыстары жүргізілуде. Емхана ұжымы аталмыш шараларға бірлесе, жұмыла кірісіп жұмыс атқаруда. Жуырда аталмыш емханада
бас және мойын қатерлі ісігі белгілерін анықтау мақсатында ашық есік күні ұйымдастырылды. Белгілісі елемізде жыл сайын 2000 адам бас және мойын қатерлі ісігіне шалдығады. Бұл дерт асқынып кетсе, емдеу қиын , сондықтан ісіктің симптомдарына аса назар аудару қажет. Қатерлі ісіктің белгілерін қалай анықтау керек? Дәрігелер осы және есте ұстауға тиіс өзге де ақпараттар туралы толығырақ түсіндірді. Бас және мойын қатерлі ісігінің негізгі белгілері: ерінде, тілде немесе ауыз қуысында екі апта ішінде жазылмайтын жаралардың пайда болуы, Бет, мойын немесе бас терісінің тұрақты қышуы, қызаруы немесе қабыршақтануы, Тұрақты жөтел немесе дауыстың өзгеруі, Тұрақты проблемалар жұтыну немесе тамақ ауруы, Мойын немесе субмандибулярлық аймақта ұлғайған лимфа түйіндері. Мұндай белгілерді байқасаңыз, қосымша тексерулер үшін дереу дәрігермен кеңесіп, қажет болған жағдайда емдеуді бастау ұсынылады. Дәрігерлер дәл осы белгілер біліне бастағаннан тез арада емханаға келіп қаралу қажеттігін ескертті. Дәрігерді үнемі тексеріп тұру және денсаулығыңызға мұқият болу қатерлі ісік ауруын оның ерте кезеңдерінде анықтауға және сәтті емдеу мүмкіндігін арттыруға көмектесетінін есте сақтау қажеттігін қоса айтты. Аталмыш аурудың асқынуы негізінде яғни, бас және мойын ісігімен ауыратын науқастар арасында өлімнің басты себебі — кеш қойылған диагноз болып табылады. Екінші себебі — халықтың ауру мен оның даму қаупі факторлары туралы хабардар болмауы болып отыр. Сондықтан да халық арасында аурудың алдын алу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу маңызды болып табылады. Аурудың көбейіп кетуінің тағы да бір себебі науқастардың әбден өткізіп алып, яғни аурудың III-IV кезеңінде дәрігердің көмегіне жүгіне бастайды. Ондай жағдайда, науқасқа көмектесу қиынға соғатыны айтпаса да белгілі. Көбінесе, дәрігерлер қатерлі ісік диагонозын кеш анықтап жатады. Себебі қатерлі ісік белгілері спецификалық емес және қысқа мерзімді болуы мүмкін, бұл ерте диагностиканы қиындатады. Дәрігермен үнемі профилактикалық тексерулерден өту және қандай да бір күдікті белгілер пайда болған жағдайда көмекке жүгіну маңызды. Қатерлі ісікпен сәтті күресу үшін ерте диагностикалау және емдеуді бастау маңызды. Себебі қатерлі ісік белгілері спецификалық емес және қысқа мерзімді болуы мүмкін, бұл ерте диагностиканы қиындатады. Дәрігермен үнемі профилактикалық тексерулерден өту және қандай да бір күдікті белгілер пайда болған жағдайда көмекке жүгіну маңызды. Қатерлі ісікпен сәтті күресу үшін ерте диагностикалау және емдеуді бастау маңызды.
Бұрынғы кезеңдерде бас-мойын қатерлі ісігі диагнозымен 60 жастан асқан адамдар көп ауратын. Қазір 25-30 жастағы адамдар да көп шалдыға бастады. Бұл — үйреншікті жағдайға айналып барады дейді емхана дәрігерлері. Ашық есік күніне қатысушылардың қарасы көп болды. Олар дәрігерлердің толық тексеруінен өтті. Әрі қатерлі ауру туралы жан жақты толыққанды ақпаратқа қанықты.
Бас пен мойын қатерлігі ісігінің алғашқы белгісіне дауыстың қарлығып шығуы, жұтқыншақтың ауруы, мойынның ісуі де жатады. Бас-мойын, ауыз қуысы және жұтқыншақтағы қатерлі ісіктердің негізгі себебі — алкогольдік ішімдіктерді, қорқор және шылым өнімдерін шектен тыс көп тұтыну болып табылады. Сондықтан да қандай да бір аталған белгілер білісімен ақ дәрігерге қаралу қажет. Сондай-ақ, адам папилломавирусымен (HPV) инфекция бас және мойын қатерлі ісігінің себебі болуы мүмкін екенін атап өткен жөн. Сондықтан бұл дерттің алдын алу үшін салауатты өмір салтын ұстанып, ішімдік пен темекіден бас тартып, үнемі медициналық тексеруден өту өте маңызды. Сипатталған белгілер пайда болса, диагностика және емдеу үшін дәрігермен кеңесу керек.