Қазақстан Руспубликасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 29 шілде — 02 тамыз күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Түркістан облысына іс-сапар жасады.
Аталған іс-сапардың мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады.
Аталған бағытта жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 500-ден астам адам қамтылды.
Аталған іс-шараға: Тұрсынғали Төреғалиұлы — Дінтанушы, гуманитарлық ғ.магистрі, Алматы қаласы, Жалғас Жорабек — Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы, Қайрат Салықбаев – Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы, Тағай Айбек Жолдасбекұлы — Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директор орынбасары, Ілияс Нағызхан – Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің қызметкері секілді дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.
Түсіндіру тобының мүшелері Арыс, Сайрам, Қазығұрт, Ордабасы және Сауран аудандарында болды. Олар халық арасында «Жастар арасында рухани құндылықтарды түсіндіру және діни сауаттылықты арттыру», «Діни экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл», «Зайырлы қоғам және мемлекет дамуының зайырлылық принциптері», «Рухани-адамгершілік құндылықтарды, ұлттық дәстүрлер мен мәдениетті насихаттау» және т. б. тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-сапар барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында түзету мекемесінде жазасын өтеушілер, жаттықтырушылары мен спортшылары, қандастар мен өзгеде этнос өкілдері, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыз жастарды, ауыл тұрғындары және т.б. топтар қамтылды.
Анықтама үшін: +7 775 477 76 16 Исмаил Нурислам