Саясат Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан-Қытай шекарасында тексеріс жүріп жатыр Редактор 21.01.2022 17345 1 оқу мин Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстан-Қытай шекарасында тексеру жүргізілуде. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Тексеруді Бас прокуратураның, қаржы мониторингі агенттігінің және Қаржы министрлігінің өкілдері қатарынан арнайы құрылған жұмыс тобы жүргізеді. Шекарада тек уәкілетті экономикалық операторлар мәртебесі бар импорттаушылар тексеріледі. Оның қорытындысы бойынша ҚР заңнамасында көзделген шаралар қабылданатын болады. “Тексеру уәкілетті экономикалық операторлар мәртебесі бар импорттаушыларға қатысты ғана жүзеге асырылады. Қорытындысы бойынша Қазақстан заңнамасында көзделген шаралар қабылданатын болады. Жүргізілген тексеру тауарларды кедендік шекара арқылы заңды түрде өткізуге кедергі келтірмейді және адал бизнес сыртқы экономикалық қызметті шектеусіз жүзеге асырады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша нарықта ҚХР-мен импорттық операцияларды жүзеге асыратын сыртқы экономикалық қызметтің 7 241 қатысушысы жұмыс істейді. Оның ішінде 17 субъекті УЭО (уәкілетті экономикалық оператор), оларға импорттың барлық көлемінің 18%-ы тиесілі. Бұл ретте өнімді өз қажеті үшін импорттайтын 5 УЭО — өндірістік сектор және квазимемлекеттік 2 УЭО бар («Қазпочта» АҚ және «ҚТЖ» АҚ еншілес ұйымы — «KTZ Express»АҚ), – деді мемлекеттік кірістер комитеті. Қазақстан-қытай шекарасындағы өткізу пункттері және тауарларды кедендік тазартудың басқа орындары белгіленген жұмыс режимі бойынша жұмыс істеуін жалғастыруда. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Кыргызстан готовится к запуску первого спутника 1 оқу мин Саясат Кыргызстан готовится к запуску первого спутника 01.10.2026 5698 Призывников и контрактников в Узбекистане будут проверять на наркотики 1 оқу мин Саясат Призывников и контрактников в Узбекистане будут проверять на наркотики 01.10.2026 4733 Казахстан и Кыргызстан укрепляют сотрудничество в рамках ШОС 1 оқу мин Саясат Казахстан и Кыргызстан укрепляют сотрудничество в рамках ШОС 12.08.2026 10458