Саясат Иманғали Тасмағамбетов мәлімдеме жасады Редактор 07.02.2022 5736 1 оқу мин Әлеуметтік желіде Қазақстанның Ресейдегі экс-елшісі Иманғали Тасмағамбетовтың фейк аккаунттары пайда болды. Stopfake.kz сайты хабарлағандай, Facebook пен Instagram желісінде Иманғали Тасмағамбетовтың атынан ашылған жалған парақшаларды кездестіруге болады. Бұл парақшаларға Қазақстан Республикасының белгілі мемлекет қайраткерінің еш қатысы жоқ. Мысалы, осы Instagram аккаунттарының бірі – tasmagambetov_official – 45 мыңнан астам жазылушы жинаса, екіншісі – imaangali_tasmagambetov – мыңнан астам жазылушыны жинаған. Facebook те оның атынан парақшалар ашылған. Иманғали Тасмағамбетов бұл аккаунттарға қатысы жоқ екенін мәлімдеп, әлеуметтік желілерде парақшалары жоқ екенін айтты: – Құрметті достар! Әлеуметтік желілерде менің атымнан жалған аккаунттар мен фейк парақшалар пайда болған. Оларда арандатушылық сипаттағы материалдар орналастырылады. Әрине, бұл менің беделіме әсер етіп қана қоймайды. Сонымен қатар, интернет кеңістігіндегі әрбір адамның осалдығы мен қауіпсіздігін көрсетеді. Менің әлеуметтік желілерде ешқандай парақшам жоқ екенін мәлімдегім келеді. Ешқандай арандатушылыққа бой алдырмауға, жалған ақпарат таратуға үлес қоспауға шақырамын, – деді Тасмағамбетов. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1200-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРҒАН 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1200-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРҒАН 30.10.2024 111162 IQanat Олимпиадасы: 56 мың ауыл баласы не үшін күреседі? 1 оқу мин Саясат IQanat Олимпиадасы: 56 мың ауыл баласы не үшін күреседі? 28.10.2024 120944 РЕСПУБЛИКА КҮНІ ШЫМКЕНТ — МАҚТАНЫШ ПЕН БІРЛІКТІҢ ЖАҢА СИМВОЛЫНА ИЕ БОЛДЫ 1 оқу мин Саясат РЕСПУБЛИКА КҮНІ ШЫМКЕНТ — МАҚТАНЫШ ПЕН БІРЛІКТІҢ ЖАҢА СИМВОЛЫНА ИЕ БОЛДЫ 26.10.2024 127341