Саясат Е.Карин: 5-6 қаңтарда Сириядан видеоүндеумен соғысқа шақырды Редактор 08.02.2022 5558 1 оқу мин ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Qasqa Jol ютуб арнасына сұхбат берді. Сұхбатта қаңтар айында Маңғыстауда басталған митинг, Алматы мен өзге де қалаларда әскерилер қолынан қаза тапқан бейбіт тұрғындар, митинг кезінде ұсталып абақтыда қысымға ұшырап жатқандарға қатысты айтылды. Оқи отырыңыз Қарин жазықсыз өлгендер үшін кім жауап беретінін айтты Мемлекеттік хатшы 5-6 қаңтар күндері Қазақстандағы радикалды топ мүшелеріне видеоүндеу жасалғанын айтты. 5-6 қаңтар күндері елдегі радикалды жақтаушыларға видеоүндеу жасалды. Видео кейін шығатын шығар, интернеттің бұғаттылуына сол себеп болды. Бұл өте қауіпті жағдай. Егер қолдау тауып кетсе болған жағдайлар қандай бағытта өрбитінін айту қиын. Үндеу қауіпті болды. 2016 жылы маусым айында Ақтөбеде террористік акт болған. Шағын бір топ бүкіл қаланы дүрбелеңге салды. Қару-жарақ дүкеніне кіріп, бейбіт нысандар мен әскери бөлімдерге шабуыл жасады. Үш-төрт күн бойы антитеррористік операциялар жүргізілді. Бұл акцияға шамамен 25 адам қатысқан, – деді Қарин. Ақтөбедегі жағдай туралы айтқан мемлекеттік хатшы бұл жағдайдың қаңтар оқиғасымен ұқсас сценарийде өрбігенін жеткізді. Айтуынша, қаңтар оқиғасы кезінде де видеоүндеулер тарап кетуі мүмкін болған. Олар туған күнге жиналған. Ішіндегі бір адамда ғана осындай ой болған. Сол оқиғалардан жарты жыл бұрын Сирияға кете алмай қалған. Шабуыл жоспарын қалғандар білмеген. Сол кезде ол Whatsapp желісінен келген аудионы тыңдатқан. Тыңдағандар соған еріп кеткен. Пәтерді де қару-жарақ дүкеніне жақын жерден жалдап алған. Бір ғана аудиоүндеуді тыңдап алып, жиһад ұйымдастырмақ болған. Осындай видеоүндеулер тарап кеткенде не болар еді? Сценарийлері де ұқсас болды, кәдімгі соғысқа шақырды, – деді Ерлан Қарин. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1200-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРҒАН 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1200-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРҒАН 30.10.2024 111162 IQanat Олимпиадасы: 56 мың ауыл баласы не үшін күреседі? 1 оқу мин Саясат IQanat Олимпиадасы: 56 мың ауыл баласы не үшін күреседі? 28.10.2024 120944 РЕСПУБЛИКА КҮНІ ШЫМКЕНТ — МАҚТАНЫШ ПЕН БІРЛІКТІҢ ЖАҢА СИМВОЛЫНА ИЕ БОЛДЫ 1 оқу мин Саясат РЕСПУБЛИКА КҮНІ ШЫМКЕНТ — МАҚТАНЫШ ПЕН БІРЛІКТІҢ ЖАҢА СИМВОЛЫНА ИЕ БОЛДЫ 26.10.2024 127341