Саясат Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жолаушылар тасымалы жандана түспек Редактор 13.02.2022 13962 1 оқу мин Әңгіме екі жыл бұрын пандемияға байланысты үзілген теміржол және автобус тасымалы туралы болып отыр. Өзбекстан мен Қазақстан билігі екі жыл бұрын коронавирустық пандемияға байланысты үзілген теміржол және автобус жолаушылар тасымалының қайта қалпына келтіреді. Бұл туралы Өзбекстан-Қазақстан тиісті жұмыс тобының кезекті отырысында айтылды. Оны Өзбекстан көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. «Тараптар эпидемиологиялық талаптарды жеңілдету және жерүсті көлігімен жолаушыларды тасымалдауды қалпына келтіру үдерісін жеделдету маңыздылығын қуаттады» делінген министрлік хабарламасында. Жиында мамандар Түркістан-Шымкент-Ташкент жүрдек темір жолы мен Үшқұдық-Қызылорда көлік дәлізінің инфрақұрылымдық жобаларын қарастырды. Сонымен қатар, Өзбекстан мен Қазақстан аумақтарында әуе қозғалысына қызмет көрсету үшін жаңа әуе бағыттарын енгізу мәселесі талқыланды. «Осы жаңа бағыттарды енгізу арқылы ұшақтардың ұшу уақытын айтарлықтай қысқартуға қол жеткізуге болады, бұл өз кезегінде жаһандық экологиялық жағдайға оң әсерін тигізеді, жанар-жағармайды үнемдейді және аймаққа қосымша пайдаланушыларды тартады» делінген хабарламада. Covid-19 таралуына байланысты 2020 жылдың наурызында елдер арасындағы жолаушылар тасымалы тоқтатылды. 2020 жылдың қыркүйегінде Өзбекстан мен Қазақстан арасында әуе қатынасы қайта жанданды. 2021 жылдың мамырында Ташкент теміржол рейстерін кезең-кезеңімен қалпына келтіруді бастау ұсынысымен Нұр-Сұлтанға жүгінді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Кыргызстан готовится к запуску первого спутника 1 оқу мин Саясат Кыргызстан готовится к запуску первого спутника 01.10.2026 5698 Призывников и контрактников в Узбекистане будут проверять на наркотики 1 оқу мин Саясат Призывников и контрактников в Узбекистане будут проверять на наркотики 01.10.2026 4733 Казахстан и Кыргызстан укрепляют сотрудничество в рамках ШОС 1 оқу мин Саясат Казахстан и Кыргызстан укрепляют сотрудничество в рамках ШОС 12.08.2026 10458