Саясат Қылмыс әлемінің серкесі Рыжий Алмастың қарындасы Айка-Бегемот туралы не білеміз? Редактор 17.02.2022 18350 1 оқу мин 15 ақпанда Алматы мен Алматы облысында «Қазақстан» ұйымдасқан қылмыстық тобының көшбасшылары ұсталды. Қазір құқық қорғау органдары тәркіленген қару-жарақты сәйкестендіру бойынша іс-шаралар жүргізуде, сондай-ақ қаңтар оқиғаларына қатыстылығы анықталуда. Осыған байланысты қылмыс әлемінің серкесі Рыжий Алмасты еске түсірмеске болмас. Ал 1998 жылы қайтыс болғаннан кейін оның ісін қарындасы Айка-Бегемот жалғастырды. Сонымен ол кім? Неге ол Айка-Бегемот аталды? Рыжий Алмастың қарындасы туралы Caravan.kz медиа порталының тілшісі егжей-тегжейлі анықтап көрді. Қылмыс әлеміндегі әйелдер деген кезде ең бірінші кезекте – Айка Бегемот еске түседі. Айка-Бегемот ол – Несіпбай Нәсеновтың яғни, қылмыс әлемінің серкесі — Рыжий Алмастың туған қарындасы. 1998 жылы “Рыжий Алмас” ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы Несіпбай Нәсенов қайтыс болған кезде, ол ұйымды оның қарындасы қолға алады. Әлеуметтік желідегі ақпараттар бойынша, Айка-Бегомоттың шын есімі – Айгүл Оспанова. Ол қазіргі таңда қылмыстық топтағы ісін қойып, бизнеспен айналысатыны белгілі болды. Айка-Бегемот деген лақап ат оған жайдан жай қойылған жоқ. Оның салмағына байланысты оны қылмыс әлемдегілер осылай атап кеткен көрінеді. Ғаламтордағы ақпарат бойынша ол 1962 жылы өмірге келген. Яғни, қазір ол 60 жаста. Оның қазіргі таңда БАӘ өмір сүріп жатқаны белгілі. Ресейлік Проза. Ру басылымының ақпараты бойынша ол ағасы, Рыжий Алмастан мұра ретінде қалған Швейцария мен Испаниядағы шоттар арқылы 300 арнайы баскесерлерді таңдап алғаны жайлы жазған. Қазіргі таңда Айка-Бегемот туралы ақпарат өте аз. Оның дәл қазіргі уақытта немен айналысып жүргендері, қайда жүргені беймәлім. Дегенмен оның ағасы, “Транстелеком” АҚ бұрынғы президенті — Асқар Нәсеновтың 2020 жылы 4 жылға бас бостандығынан айырылғаны мәлім. Автор: Ғалымжан Сәңкібаев Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН ТҮРКИЯНЫҢ МЕДИА КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДА ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН ТҮРКИЯНЫҢ МЕДИА КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДА ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ 28.02.2025 291473 В Алматы стартовал конкурс по подготовке лучших материалов по актуальным вопросам религиозной сферы 1 оқу мин Саясат В Алматы стартовал конкурс по подготовке лучших материалов по актуальным вопросам религиозной сферы 18.02.2025 321621 Алматыда дін саласының өзекті мәселелері туралы үздік материалдарды дайындау байқауы басталды 1 оқу мин Саясат Алматыда дін саласының өзекті мәселелері туралы үздік материалдарды дайындау байқауы басталды 18.02.2025 329562