Қазақстанда қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен жиырма шақты шетел азаматы қамауға алынған. Бұл туралы Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова айтты. Уәкіл шетелдік азаматтардың қандай қылмыс үшін айыпталғанын, қай жерде және қашан ұсталғанын нақтыламады, деп хабарлайды Экспресс К. Әзімованың айтуынша, ұсталған шетелдіктердің саны 20 адам. Олардың ішінде 12 Өзбекстан, үш Ресей азаматы, екі Қырғызстан азаматы және Тәжікстанның бір азаматы мен Қытайдың бір азаматы, сондай-ақ «азаматтығы жоқ бір адам» бар, деп жазады Fergana агенттігі. Қырғызстан азаматтарының бірі Таразда, екіншісі Өскеменде. Өскемендегісі Қазақстанда бұрыннан тұрады және біздің елде тұруға ықтиярхаты бар, — деп толықтырды уәкіл. Осы мәлімдемеден кейін көп ұзамай Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі — Нұр-Сұлтандағы елшілігі өзбектердің тұтқындалуына байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне нота жолдады. Жазбада қамауға алынған азаматтар, олардың қамауда ұстау орындары және оларды жауапкершілікке тарту себептері туралы толық ақпарат беру туралы өтініш бар. Сондай-ақ өзбек тарапы Өзбекстанның Қазақстандағы дипломатиялық өкілдіктерінің қызметкерлері үшін олармен консулдық кездесу ұйымдастыруды сұрайды.