Саясат Өзбекстан Украинадан өз азаматтарын эвакуациялайтындығын мәлімдеді Редактор 25.02.2022 12765 1 оқу мин Киевтегі Өзбекстан елшілігі қазір Украинадағы жағдайдың шиеленіскендігіне байланысты өз азаматтарын эвакуациялайды. Бұл туралы бүгін Киевтегі Өзбекстан елшілігі өз отандастарына арналған ресми үндеуде жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА-ға сілтеме жасап. «Украинадағы жағдайдың шиеленісуін және төтенше жағдайдың енгізілгенін ескере отырып, Өзбекстан Республикасының азаматтарына хабарлаймыз. Қазіргі уақытта Өзбекстан Республикасының Киевтегі Елшілігі эвакуация жоспарын және Украина аумағынан кеткісі келетін азаматтардың тізімін әзірлеуде. Украинаның әуе кеңістігінің жабылуын ескере отырып, ұшу бағыттары мен баратын жері дайындалуда. Қолайлы эвакуациялау жолдарына қатысты мәселелер үшінші елдердің мүдделі қызметтерімен келісілгендіктен, Өзбекстан азаматтары елшіліктің www.uzbekistan.org.ua сайтында және әлеуметтік желілерде қосымша хабардар етілмек. Украинадан кеткісі келетін Өзбекстан Республикасының барлық азаматтары төлқұжат мәліметтерін елшіліктің embassy@uzbekistan.org.ua электронды мекенжайына жіберулері тиіс. Біз Украинадағы Өзбекстан азаматтарын тыныштықты сақтауын және қосымша сұрақтары болса елшілікке хабарласуын сұраймыз», деп атап көрсетілген дипломатиялық өкілдік хабарламасында. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Казахстан и Кыргызстан укрепляют сотрудничество в рамках ШОС 1 оқу мин Саясат Казахстан и Кыргызстан укрепляют сотрудничество в рамках ШОС 12.08.2026 6099 День Каспийского моря отмечают в Казахстане: экологические инициативы объединили волонтеров семи стран 1 оқу мин Саясат День Каспийского моря отмечают в Казахстане: экологические инициативы объединили волонтеров семи стран 12.08.2026 5204 Предварительные результаты переписи населения опубликованы в Узбекистане 1 оқу мин Саясат Предварительные результаты переписи населения опубликованы в Узбекистане 03.07.2026 12605