Желіде мектеп дәлізінде кеудесінен тұншықтырып, сол арқылы бірнеше секундтқа есін жоғалтқан баланы қызықтаған оқушылардың видеосы тараған. Көпшіліктің пікірінше бұл қауіпті әрекет балалардың арасында көңіл көтеру ойынына айналған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Экспресс К” порталына сілтеме жасап. Алматыдағы мектептердің бірінде оқушылар арасында бір-бірін тұншықтыру арқылы қатарластарын бірнеше секундқа есінен тандыру ойынға айналған. Балалар дәлізде отырып 15-20 рет терең демалып, осыдан кейін кенет орнынан тұрып, серіктерінің бар күшімен қолдарымен кеудесін басқанын күтеді. Соның салдарынан оқушы 5-10 секундқа есінен танып қалады.Осы кезде оның құлаған денесінен достары ұстап қалады. Балалар бұны көңіл көтеру үшін, ойынға айналдырған. Ал 2000 жылдардың басында орта мектепке барған қазақстандықтар мұндай ойындардың сол жылдардың өзінде болғанын еске алады. “Бұл ойын біздің кезімізде де болған. 5-6 сынып кездерінде 15 рет отырып тұрып, кейін кеудеден қатты қысып итерген сәтте жерге құлап түсетінбіз. Сөйтіп көзіңді ашқанда еденде жатасың және барлық достарыңның саған қарап күліп жатқанын көріп, қосыла күлетін едік. Сол кезде бұл ойынның қауіпті болуы мүмкін екенін мүлде ойланбаппыз”,- деді осы ойынның қалай ойналатынын блетін тұрғын. Басқаша айтқанда балалар миға түсетін оттегінің жетіспеушілігінен аз уақытқа есін жоғалтады. Дегенмен оның қауіпсіз екендігін ешқайсысы біле бермейді. “Негізі егер бұндай әрекетті организмге алғаш рет сынап көргенде аса қатты зияны тимеуі де мүмкін. Бірақ егер балада қан тамырларының қалыпты дамуы, мидағы қан тамырларының аномалиясы немесе олардың деформациясы аурулары болса онда бұл өздігінен қан кетуге әкеліп, салдары сол оқиға орынында өліммен аяқталуы да ғажап емес», — деді дәрігер Қайырғали Қонеев. Сонымен қатар ол естен танудың өкпе мен жүрекке жүктемеден кейінгі балалардың төс сүйегін қатты басатындығынан орталық веналық қысымның күрт көтерілуінен болатынын атап өтті. “Егер веноздық аппаратта мәселесі бар, туа біткен жүрек ақаулары бар бала болса бұндай ойындар оның жағдайын одан сайын ушықтырып жіберуі мүмкін. Бала өзінің аурулары туралы білсе және мұндай ойындардан бас тартса жақсы. Барлық мәселе мектептердегі дәрігерлердің санитарлық-ағарту жұмыстарының нашарлығында болып тұр. Олар денсаулық сақтауға қарағанда білім бөлімінің балансына жақынырақ. Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағында болмағасын олардың балалармен қандай жұмыс істейтінін бір Құдай біледі», — деді дәрігер. Қонеевтің айтуынша балалар арасында тараған бұл ойын жаңалық емес. Ол бұрынғы кезден бері оқушылар арасында жалғасып келеді. “Жасым 47-ге келді. Әлі есімде Кеңес заманында біз де осылай ойнап, көңіл көтеретінбіз. Сөйтіп жүргенде бір күні ұстазымыз оны көріп қойып, бізге үлкен сабақ берген. Содан кейін олай жасамайтын болдық. Ойын ойынымен бұны тәжірибе көріп 2 000 рет жасап көруге болады, алайда 2 001 рет соңғысы болып, оянбай қалуыңыз мүмкін”,- деп қосты дәрігер.