Түркістан облысы Төлеби аудандық білім бөлімінің бастауымен, аудандық оқушылар үйінің ұйымдастыруымен қоғамда әскери қызметтің беделін арттыруды ақпараттық қолдау және түсіндіру мақсатында Төлеби ауданының 90 жылдық мерекесіне және балалар жылына орай Республикалық бірыңғай “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымының аудандық VIII слетінің ақтық кезеңі өтті. Аймақтық кезең бойынша 58 мектеп қатысып, олардың 35 мектеп «Жас Ұландары» ақтық кезеңге жолдама алған болатын. 4 кезең бойынша бақ сынаған жасұландықтар өздерінің тиянақты дайындығын, жан жақтылығын көрсетті. Шын мықтылар жеңімпаз атанды. “Тушылар” байқауы бойынша — Бас жүлде М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі, l-орын Екпінді жалпы орта мектебі, ІІ-орын Қаратөбе жалпы орта мектебі, ІІ-орын Әңгірата жалпы орта мектебі, ІІІ-орын 8 жалпы орта мектебі, ІІІ- Шомшақты мектебі, ІІІ-орын Ә.Молағұлова атындағы жалпы ортта мектебі лайық деп танылды. «Дабылшылар» байқауында — Бас жүлде Т.Тоғысбаев атындағы жалпы орта мектебі, І орын Қайнар мектебі, ІІ-орын Балдыберек мектебі, ІІ-орын Қазақстан жалпы орта мектебі, ІІІ-орын 6 мектеп, ІІІ-орын 1 мектеп жеңіп алды. «Саптық жүріс» бойынша — Бас Жүлде Ұйымшыл жалпы орта мектебі, І-орын Сұлтанрабат жалпы орта мектебі, І-орын Айзере бастауыш мектебі, ІІ-орын Қазақстан жалпы орта мектебі, ІІ-орын Жыланбұзған жалпы орта мектебі, ІІІ-орын Әңгірата жалпы орта мектебі, ІІІ-орын Б.Түлкиев атындағы мектеп және ІІІ-орын Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебі жеңіс тұғырынан көрінді. “Тәлімі мол тәлімгер” байқауы бойынша — Бас жүлде Қазақстан жалпы орта мектебінің тәлімгері Кемешова Жансая, І-орын Ұйымшыл жалпы орта мектебінің тәлімгері Серікбаева Балжан, ІІ-орын Т.Тоғысбаев жалпы орта мектебінің тәлімгері Қалдарбекова Мөлдір, ІІІ-орын Сарқырама жалпы орта мектебінің тәлімгері Артыкова Меруерт иеленді. Жалпы топтық кезең бойынша 4 кезеңнен үздік деп танылған мектептер — Бас жүлде Әңгірата жалпы орта мектебі, І-орын М.Әуезов жалпы орта мектебі, ІІ-орын Қайнар жалпы орта мектебі, ІІІ-орын №1 мектеп гимназиясы марапатталды. Республикалық бірыңғай “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымы слетінің мақсаты жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, әскери салаға деген қызығушылықтарын арттыру, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағана деген жауапкершілікті қалыптастыру болып табылады. Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Әрі аудандағы барлық мектеп оқушылары аталмыш жарысқа бар ынта-жігерлерімен дайындалған. Оны жарыс барысында тәлімгерлер дәлелдеді де. Алдағы уақытта патриоттық тәрбие дәнін себетін мұндай жарыстар мен байқаулар ұдайы ұйымдастырылып тұратын болады.