Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданында кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ауқымды шаралар атқарылуда. Жуырда аудан әкімі Төлеген Телғараевтың төрағалығымен аудан әкімдігі мәжілісі өтіп, онда екі мәселе қаралды. Мәжіліске аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары және қала, ауылдық округ әкімдері қатысты. Күн тәртібіне сәйкес, ауданның адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Қадырбекова «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ауданда атқарылған жұмыстардың барысы» туралы хабарлады. Төлеби ауданында 67 мектепте 27727 оқушы білім алады. Жастар мен кәмелетке толмағандардың арасында болатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың басым көпшілігі түнгі уақыттарда болатынына байланысты Төлеби аудандық полиция бөлімінің Ювеналды полиция тобының қызметкерлерімен бірігіп әр аптаның сенбі, жексенбі және мереке күндері жастар көп шоғырланатын орындарға, дәмханаларға, ойынханаларға, саябақтар мен скверлерге тұрақты рейдтер жүргізілуде. Былтырғы жылдың 5 айында 42 рейд жүргізілсе, биы яғни, 2022 жылдың 5 айында 45 рейд жүргізілген. Мектептерде «Менің ғажайып әлемім» жобасы аясында 6 психологиялық арнайы кабинет ашылып, жұмыс жасауда. Сондай-ақ Аудандағы мектептердің барлығында QR-коды және «Bala Qorgau» сайтының мекен-жайы жазылған https://bala.gov.kz тақтайшалар орнатылды. Ұл балалар тәрбиесінде «Әкелер мектебінің» жұмысы жандандырылып, атақты спортсмендер, қоғам қайрат- керлерінің қатысуымен 12 дебат, 8 дөңгелек стол, 37 мектепте спорттық сайыстар, 52 мектепте ұлттық ойындар өткізілді. Жалпы мектептердегі үйірмелерге өнер, спорт, туризм, сурет, қолөнер, дебат, шешендік өнер саласына 18039 оқушы қамтылған. Екінші «Аудан аумағындағы көп балалы отбас ылар мен жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсету шаралары» туралы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р.Бейсебаева баяндама жасады. Былтыр 1 мамыр айына 1189 отбасының 6165 адамына 218,6 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 164,0 млн теңгесі төленсе, 2022 жылдың 1 мамыр айына 699 отбасының 3757 адамына 172,2 млн теңге тағайындалып, 108,8 млн теңгесі төленді. Ағымдағы жылдың 4 айында 816 құжат уәкілетті органға өткізіліп, 699 құжатқа АӘК тағайындалып, 117 құжатқа бас тартылған тағайындалудан әр түрлі себебтермен немесе 17% құжат қайтарылды. Төлеби ауданы бойынша жыл басына Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 1417 мүгедектігі бар азаматтардан өтініш түсті. Оның ішінде: көп балалы отбасылар саны -142, аз қамтамасыз етілген отбасылар саны- 113.Оның ішінде:14 мүгедегі бар азаматтарға 17 дана қоларба берілді; 106 мүгедегі бар азаматтарға 77380 дана міндетті гигиеналық құралдар берілді; 47 мүгедегі бар азаматтарға 81 дана протез-ортопедиялық құралдар берілген. Айта кетейік, 2022 жылы «Қамқорлық» бағдарламасы аясында өмірлік қиын жағдайға тап болған 43 отбасыға әр түрлі көмек түрлері көрсетілуде. Жиын соңында бойынша сұрақтар қойылып, тақырыптар кеңінен талқыланды. Аудан басшысы көтерілген мәселелер тұрақты бақылауда болатындағын атап өтті. Аудандық мәслихат хатшысы кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында өткен тәжірибені қолдануды ұсынды. Ауданда кәмелетке толмағандар арасында қылмыс санының азаюы Түркістан облысында құқық қорғау саласында атқарылып жатқан жұмыстардың арқасы деуге болады. Алдағы уақытта қылмыстың алдын алу бағытындағы жұмыстар қарқын алмақ.