Саясат Күдіктіге бас бостандығын шектеу жазасына тағайындалды Редактор 08.06.2022 12708 1 оқу мин Бүгінде біреуге сеніп, мүлкін тапсыру қиынға айналғаны жасырын емес. Сеніп тапсырылыған өзгенің дүниесін өзінікіндей көрі, саудаға салу біреудің құқығын таптау екенін естен шығарып алатындардың көп екені өкінішті. Жуырда Түркістан облысына қарасты Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адам өз арызында жақын танысының жеке мүлкін иемденіп алғанын көрсеткен. Яғни жәбірленуші жайылымда мал бағатын танысына 1 бас сиырын сеніп тапсырған. Алайда бақташы азамат өзіне сеніп тапсырылған өзгенің малын сатып жіберген. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 200 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-бабы 1-бөлігі «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеуге алды. Полиция қызметкерлері орын алған қылмысты ашу мақсатында жедел іздестіру шарасын ұйымдастырды. Осы қылмыстық іс бойынша жергілікті тұрғын анықталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Анықталғандай, күдікті ер адам жәбірленушінің жасырын ғашығы болып шықты. Оған жәбірленуші сиырын сеніп тапсырған. Алайда күдікті сеніп тапсырылған мүлікті сатып, бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Күдіктіге қатысты жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін аудандық сотқа жолданды. Нәтижесінде, Келес аудандық сотының үкімімен ұсталған ер азамат ҚР ҚК-нің 189-бабы 1-бөлігі «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Кыргызстан готовится к запуску первого спутника 1 оқу мин Саясат Кыргызстан готовится к запуску первого спутника 01.10.2026 5698 Призывников и контрактников в Узбекистане будут проверять на наркотики 1 оқу мин Саясат Призывников и контрактников в Узбекистане будут проверять на наркотики 01.10.2026 4790 Казахстан и Кыргызстан укрепляют сотрудничество в рамках ШОС 1 оқу мин Саясат Казахстан и Кыргызстан укрепляют сотрудничество в рамках ШОС 12.08.2026 10458