Саясат Айбындықтар абыройды асқақтатты Редактор 01.07.2022 7387 1 оқу мин Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы ««Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын бекіту туралы» №724 қаулысының «Жастарды әскери–патриоттық тәрбиелеу жөніндегі шаралар кешенін іске асыру: жасөспірімдер мен жастарды беделді жаттықтырушылармен әскери–патриоттық тәрбиелеу бойынша мастер–кластар, пікірталас алаңдарын өткізу және тағы басқалар» туралы 7-ші іс-шарасын және Қазақстан Республикасындағы жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша жұмысты жетілдіру мәселесі бойынша кеңейтілген отырыстың 2021 жылғы 8 сәуірдегі №1 хаттамасымен бекітілген «Біртұтас ұлт – біртұтас әскер» жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру елдегі жастарды әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың бойында Отанын қорғауға деген отансүйгіштік сезім мен ер-азаматқа тән қасиеттерді қалыптастыру мақсатында бүгінде елімізде көптеген іс-шаралар жүзеге асырылуда. Соның ішінде жастарды әскери дайындығын шыңдайтын «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Жас сарбаздардың әскери дайындығы сын тезіне түсетін сайыс аса тартысты өтеді. Оған әбден ысылған, әскери дайындығы мықты жастар қатысып, өздерінің мықтылықтарын дәлелдейді. Биылғы әскери жиын да аса тартысты өтті. Еліміздің түкпір түкпірінен жиылған ылғи «сен тұр, мен атайын» сынды кіл мықтылар бас қосты. Қазылар алқасына да кім мықтыны анықтау қиынға соққаны анық. Жастар әскери-қолданбалы спорт түрлерінен, плащ түріндегі жалпы әскери қорғаныс жинағы мен газқағарды уақытқа кию, әскерилендірілген эстафета және АК-74 автоматын толық емес шашу мен жинақтау сынды нормативтерді орындады. Сонымен бірге олар интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін де сынға салды. Түркістан облысының жас сарбаздары ағымдағы жылдың 20-25 маусым күндері Қарағанды облысындағы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің «Спасск» оқу орталығында өткен «Айбын-2022» VIII республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына жүлделі ІІ-орын иеленді. Жыл сайын жүлделі орынды қанжығаларына байлайтын түркістандық өрендер биыл да ұстаздарының мерейін өсірді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН ТҮРКИЯНЫҢ МЕДИА КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДА ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН ТҮРКИЯНЫҢ МЕДИА КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДА ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ 28.02.2025 291473 В Алматы стартовал конкурс по подготовке лучших материалов по актуальным вопросам религиозной сферы 1 оқу мин Саясат В Алматы стартовал конкурс по подготовке лучших материалов по актуальным вопросам религиозной сферы 18.02.2025 321621 Алматыда дін саласының өзекті мәселелері туралы үздік материалдарды дайындау байқауы басталды 1 оқу мин Саясат Алматыда дін саласының өзекті мәселелері туралы үздік материалдарды дайындау байқауы басталды 18.02.2025 329562