Саясат ҚОҒАМ ЖАҢАРУДЫ ҚАЛАЙДЫ Редактор 12.10.2022 12040 1 оқу мин 20 қарашада өтетін кезектен тыс Президенттік сайлауға кандидаттарды ұсыну 11 қазанда аяқталды. Сенімді ақпарат көздерінің хабарлауынша, 12 үміткер тіркеліпті. Әрине, осындай алмағайып шақта бізге елді барлық сынақтан сүріндірмей алып шығатын нағыз көшбасшы қажет. Бұл сайлаудың тарихи маңызы – ең көп дауыс жинаған үміткер Президент лауазымында бір мәрте ғана отыра алатынында. Ал жетіжылдық мерзім тұрақтылықтың арқасында реформаны іске асыруға мүмкіндік береді. Мерзімінен бұрын өтетін Президент сайлауының тарихи ерекшелігі көп. Өйткені, біріншіден, Қазақстанның жаңа тарихында алғаш рет сайлаудың өтетін мерзімі алдын ала жарияланды. «Бұл науқан елдің бүкіл саяси жүйесін түбегейлі өзгертетін сайлау кезеңін бастап береді, Сол арқылы экономиканы тұрақты дамытуды, халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуды көздейтін ұзақмерзімді міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік туады» деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Жұрт үлкен өзгерістерден үміт күтіп отыр. Бүкіл қоғам жаңаруды қалайды. Алдағы сайлау халқымыздың береке-бірлігін арттырып, мемлекет дамуының жаңа кезеңіне жол ашады деп сенеді. Салтанат СТЫБАЕВА, Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаты. #Сайлау2022 Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Казахстан и Кыргызстан укрепляют сотрудничество в рамках ШОС 1 оқу мин Саясат Казахстан и Кыргызстан укрепляют сотрудничество в рамках ШОС 12.08.2026 6099 День Каспийского моря отмечают в Казахстане: экологические инициативы объединили волонтеров семи стран 1 оқу мин Саясат День Каспийского моря отмечают в Казахстане: экологические инициативы объединили волонтеров семи стран 12.08.2026 5343 Предварительные результаты переписи населения опубликованы в Узбекистане 1 оқу мин Саясат Предварительные результаты переписи населения опубликованы в Узбекистане 03.07.2026 12605