Саясат ТҮРКІСТАНДА ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МАҚСАТЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ Редактор 13.10.2022 4042 1 оқу мин Бүгін Түркістан қаласындағы «Ұлы дала елі» орталығында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Қоғам санасында азаматтық бірегейлікті қалыптастырудағы тосқауылдар және оны шешу жолдары» тақырыбында семинар өтті. Жиынды Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев сөз сөйлеп, ашып берді. Басқарма басшысы өз сөзінде мемлекеттілікті нығайту жолында ел бірлігін бекемдеу, патриоттық сезімді сіңіру маңызды екеніне тоқталды. Семинар барысында ОҚМПУ-нің «Рухани жаңғыру» және тәрбие бөлімі басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Анарбаев баяндама жасады. Аталған іс-шара қоғамда ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, мемлекеттің ұлттық саясатының ең басты бағыт-бағдары болып табылатын ұлттық және азаматтық бірегейлікті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған. Сонымен қатар семинарда мемлекеттің жан-жақты ойластырылған этносаясаты мен қоғамды демократияландыру процесіндегі жетістіктері насихатталды. Семинарда ОҚМПУ-нің «Маркетинг және мансап» департаментінің басшысы, заңгер-ғалым, Қазақстан заңгерлер одағының мүшесі Ғалымжан Битұрсын және Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесінің мүшесі, медиатор Бақытжан Бейсембаев өз пікірлерін ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті. Түркістан облысының Өңірілік коммуникациялар қызметі Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1200-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРҒАН 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1200-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРҒАН 30.10.2024 102148 IQanat Олимпиадасы: 56 мың ауыл баласы не үшін күреседі? 1 оқу мин Саясат IQanat Олимпиадасы: 56 мың ауыл баласы не үшін күреседі? 28.10.2024 111587 РЕСПУБЛИКА КҮНІ ШЫМКЕНТ — МАҚТАНЫШ ПЕН БІРЛІКТІҢ ЖАҢА СИМВОЛЫНА ИЕ БОЛДЫ 1 оқу мин Саясат РЕСПУБЛИКА КҮНІ ШЫМКЕНТ — МАҚТАНЫШ ПЕН БІРЛІКТІҢ ЖАҢА СИМВОЛЫНА ИЕ БОЛДЫ 26.10.2024 118476