Саясат ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ: КАНДИДАТТАР 21 ҚАЗАНДА ӨЗ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ТАНЫСТЫРАДЫ Редактор 17.10.2022 13176 1 оқу мин «ҚР Сайлау туралы» заңы бойынша биылғы Президент сайлауы алдындағы үгіт 21 қазан күні сағат 18:01-ден басталып, 18 қараша күні сағат 24:00-де аяқталады. Ал 19 қараша – тыныштық күні. Орталық сайлау комиссиясының мәлімдеуінше, әр кандидат өкілдік ететін сайлаушылар санының кем дегенде 1 пайызының қолын жинау қажет. «Бұл жеткілікті уақыт» дейді үміткер Жигули Дайрабаев. «20 қарашада өтетін Президент сайлауына кандидат болып тіркелдім. Ең алдымен ОСК мүшелеріне, екіншіден санаулы күннің ішінде сайлаушылардың 1 пайыздан астам қолын жинап берген «Ауыл» партиясы мен «Қазақстан фермерлері» қауымдастығының мүшелеріне ризашылығымды білдіремін. Қазақстанның патриоты ретінде оны өте жақсы сезінемін, жауапкершілікті түсінемін. Осы сайлауда кандидат ретінде алға қойған жоспарларым бар. Оның бәрін заңға сәйкес 21 қазан күні кешкі сағат 18.00-ден кейін жариялаймыз. Сайлау заңнамасына сай үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, көпшіліктің қолдауына сенеміз. Әрбір сайлаушының дауысын алуға тырысамыз. Жасыратыны жоқ, өзім де қол жинадым. Жұбайым да көмектесті. Жеке өзім 450-500 қол жинадым», — деді Жигули Дайрабаев. 18 қараша күні үгіт-насихат жұмыстары аяқталғаннан соң, 20 қараша күні қазақстандықтар Президент сайлауына қатысып дауыс береді. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Кыргызстан готовится к запуску первого спутника 1 оқу мин Саясат Кыргызстан готовится к запуску первого спутника 01.10.2026 5698 Призывников и контрактников в Узбекистане будут проверять на наркотики 1 оқу мин Саясат Призывников и контрактников в Узбекистане будут проверять на наркотики 01.10.2026 4790 Казахстан и Кыргызстан укрепляют сотрудничество в рамках ШОС 1 оқу мин Саясат Казахстан и Кыргызстан укрепляют сотрудничество в рамках ШОС 12.08.2026 10458