Саясат ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНЫҢ БАРЫСЫН ҚАДАҒАЛАЙТЫН 43 БАЙҚАУШЫ АККРЕДИТТЕЛДІ Редактор 17.10.2022 6914 1 оқу мин Бүгін орталық сайлау комиссиясының отырысында 20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауына 43 байқаушы аккредиттелді. «Биылғы 22 қыркүйекте ОСК 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс ҚР президенті сайлауына халықаралық байқау институтын ашқан болатын. ҚР-дағы сайлау туралы Конституциялық заңның 20-бабына сәйкес, шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді ОСК Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша жүзеге асырады. СІМ сайлауды байқауға қатысу үшін халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерге тиісті шақырулар жіберді. Сонымен қатар екіжақты негізде ҚР ОСК атынан 28 шет мемлекеттің орталық сайлау органдарына шақыру жіберілді. Бүгінгі таңда ОСК-ге Сыртқы істер министрлігінен 4 халықаралық ұйым мен 1 шет мемлекеттен 43 байқаушы аккредиттеуге ұсынылды», — деді отырыс барысында ҚР ОСК хатшысы Мұхтар Ерман. Оның нақтылауынша,ТМД-дан – 6, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясынан – 17, Сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ-ның демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросынан — 13, Түркі мемлекеттері ұйымынан – 5, Грузиядан 2 байқаушы аккредиттеуге ұсынылып отыр. Осыған орай аталған байқаушыларды аккредиттеу туралы ОСК қаулысының жобасы әзірленген. Комиссия мүшелері осы қаулыны бекіту туралы шешім қабылдады. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 1 оқу мин Саясат ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 06.10.2025 41701 Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 1 оқу мин Саясат Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 18.09.2025 68790 Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 1 оқу мин Саясат Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 17.09.2025 76985