Саясат ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МЕРЕКЕНІ ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСТАР ДА АТАП ӨТТІ Редактор 25.10.2022 4294 1 оқу мин Бүгін қазақстандықтар ұлттық мереке — Республика күнін атап өтуде. Тәуелсіздікті ұлықтайтын мерекені дәріптеуге түркістандық жастар да белсене атсалысты. «Jastar ruhy» ЖҚ Түркістан облыстық филиалы “Бір тудың астында” акциясы аясында шеру ұйымдастырды. Қ.А.Ясауи кесенесі маңынан электрокармен басталған шеру “Керуен Сарай” ойын-сауық орталығына дейінгі бағытты қамтыды. Жастар Мемлекеттік рәмізіміз Туды көтеріп, қала тұрғындары мен қонақтарына патриоттық рух сыйлады. Жүздеріне қуаныш ұялаған азаматтар ұялы телефондарына әсем көріністі таспалап, жастардың бастамасына өз ризашылықтарын жеткізді. Мұнан әрі қаланың бас көшесі Б.Саттархановтың бойымен әкімшілік-іскерлік орталығы аралығында автошеру ұйымдастырылды. Жалпы 50-ге жуық белсенді жастың басын біріктірген шараның ұйымдастырушысы акцияның мақсатымен бөлісті. — Түркістандық жастар қайта жаңғырған мерекені насихаттауға үлес қосуды шештік. Республика күні — отаншылдыққа және егемендігіміздің қадірін ұғынуға шақыратын мерекелердің қатарына енді. Біз бұл мерекенің маңызын, салмағын және жауапкершілігін шынайы сезінеміз. Акцияға белсенді жастардан бөлек, қаланың азаматтары да қатысқаны қуантты. Қазақ елін Республика күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Көк Байрағымыз мәңгі желбіресін! — деді «Jastar ruhy» ЖҚ Түркістан облыстық филиалының төрағасы Жансерік Жұман. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1200-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРҒАН 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1200-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРҒАН 30.10.2024 99769 IQanat Олимпиадасы: 56 мың ауыл баласы не үшін күреседі? 1 оқу мин Саясат IQanat Олимпиадасы: 56 мың ауыл баласы не үшін күреседі? 28.10.2024 109294 РЕСПУБЛИКА КҮНІ ШЫМКЕНТ — МАҚТАНЫШ ПЕН БІРЛІКТІҢ ЖАҢА СИМВОЛЫНА ИЕ БОЛДЫ 1 оқу мин Саясат РЕСПУБЛИКА КҮНІ ШЫМКЕНТ — МАҚТАНЫШ ПЕН БІРЛІКТІҢ ЖАҢА СИМВОЛЫНА ИЕ БОЛДЫ 26.10.2024 116077