Қой шаруашылығын дамытып отыр Әлемдегі ең қымбат ірімшік — рокфор ірімшігі қой сүтінен алынады екен. Аталмыш француздық танымал зеңді ірімшік. Оны көбіне Cahors, Sauternes, Porto шараптарымен қойып жатады. Орташа есеппен 100 грамында 335 Ккал бар. Осы сранысқа сай елімізде де өндіру қолға алынса тіптен жақсы болмақ. Бүгінде қой шаруашылығын дамыту қарқынды жүргізілуде. Кәсібін енді бастанаандардың дені осы салаға бет бұрып отыр. Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауыл халқының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту мен мал шаруашылығының экспорттық әлеуетін арттыруда дәстүрлі сала – қой шаруашылығын өркендетудің маңызы ерекше. Бүгінгі таңда, қой шаруашылығы өнім¬дері¬нің 80 пайыздан астамы шағын қожа¬лық¬тар мен қосалқы үй шаруашы¬лық¬тарында өндіріледі. Осы үрдіс технологиялық жаңалықтар мен ғылыми жетістіктерді пайдаланып, саланың экспорттық әлеуетін тиімді пайдалануға сұранып ақ тұр. Бүгінгі таңда етті-майлы бағыттағы қой тұқымдары (қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы, еділбай қойы, қазақ¬тың ұяң жүнді құйрықты қойы, сарыар¬қа қылшық жүнді құйрықты қойы, дегерес қойы, ордабасы қойы, гиссар тұқымының қан үлесі түрліше будандары) еліміздегі осы түлік түрінің 80 пайызға жуығын құрап отыр. Басты себеп – олардың кү¬тім тал-ғамайтындығы мен қозы¬ларының тез¬жетілгіштігі. Екінші¬ден, жүнге сұра-ныстың болмауы да осы бағыттағы қой тұқымдарының кең таралуына ықпал етті. Қойлар әлемде өсетін 800 түрлі шөптің 560 қорек етсе, ірі қара 420-н,жылқы 415 түрін қорек етеді екен. Осы деректерден-ақ, қойдың көл-көсір табысынан басқа, оның еті де, сүті де адамның ағзасына күш-қуат беруден бөлек, дертіне де шипа болатынын біздің бабаларымыз жақсы білгендігін аңғаруға болады. Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданы Тасқұдық ауылының тұрғыны,жас кәсіпкер Сарманов Мейіржан осы кәсіптің керегесін кеңейтсем деп жүр. Мейіржан «Бастау Бизнес» жобасын онлайн форматта оқыды. Қажетті дүниенің бәрін Тасқүдық ауылынан аудан орталығына қайта-қайта келіп, координатар мен бизнес-тренерлерден сұрап білді. Мейіржан «Атамекен-Түркістан» микроқаржылық ұйымынан 5,9 млн. теңге көлемінде жеңілдетілген пайыздағы несие алып, оған өзі жазған бизнес-жоспары бойынша 113 бас аналық, 5 бас қошқар алып,бүгінде соларды бағуда. Алдағы уақытта қой басын тағы да көбейтсем деген жоспары бар.