Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданының өнеркәсібі соңғы әлетте қарыштап дамып келеді. Табиғаты тамаша ауданда ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы аймақ. Бүгінде ауданда кәсіпкерлер қатары да артып келеді. Құны 1 млрд. 700 млн теңгені құрайтын 3 инвестициялық жоба іске асырылуда. Нәтижесінде 205 адам жұмыспен қамтылады. Кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілер саны 8121, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны — 7882 субъекті (97%). Жұмыспен қамтылғандар саны — 16 699 адам (101,3%). Кіші және орта бизнесті дамыту үшін жыл басынан жеке азаматтарға 3 млрд 921 млн теңгенің несиесі берілді. «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру бойынша ауданнан 38 жоба қатысып, оның ішінен іріктеуден жалпы 10,0 млн теңгеге 2 жоба өтті. Жобалар жылдың соңына дейін «Даму» қоры арқылы қаржыландырылады. Ауданға инвестиция тарту да қарқыны жүргізілуде. Негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемі 2022 жылдың 9 айында 11 млрд 784 млн теңгені құрады. Былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 109,2 пайыз. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында аудан әкімдігі мен «SHYMKENTCEMENT» АҚ арасындағы үш жақты меморандумға сәйкес, 2025 жылға дейін бірқатар әлеуметтік нысан құрылысын жүргізуі керек болған. Осы жұмыстардың нәтижесінде 8 айда 21 шақырым болатын Ақбастау, Киелітас, Алғабас елді мекендерін түнгі жарықтандыру жұмыстары толық аяқталды. Ауыз сумен қамту үшін Киелітас елді мекенінде қазу жұмыстарын бастады. Алғабас елді мекенінде спорт кешенін салу жұмыстары қазан айында басталады. Тұмса табиғатымен таңғалдыратын ауданға ағылатын туристердің легі де толастаған емес, Аудан үшін туризм саласы өте үлкен маңызға ие, өйткені қазіргі туризм бизнесінің 99 пайызын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері құрайды. Ауданның негізгі даму бағытының бірі туризм саласы. Бұл бағытта бүгінгі таңда 76 нысандар жұмыс жасауда. Олар: 1 шаңғы базасы; 4 емдік-сауықтыру орны; 71 демалыс аймағы; 64 саяжай. Таулы аудан өнеркәсібінің негізгі бағыты жеңіл және тамақ өнеркәсібі. Бұл бағыттағы аудан потенциалы өте мол. Азық-түлік өнеркәсібінде өнім өндіру көлемі жыл сайын өсіп келеді. Экономиканың басты көрсеткіші болып табылатын жалпы өңірлік өнім көлемі 2022 жылдың 9 айында 95 млрд. 520 млн. теңгені құрады. Бұл өте жоғарғы көрсеткіш, Өнеркәсіп саласында ауданда 20 кәсіпорын, оның ішінде 2 ірі және орта, 15 шағын және 3 қосалқы кәсіпорындар жұмыс атқаруда. 2022 жылдың 9 айында 30 млрд 828 млн теңгенің өнімі өндірілген. Инвестиция тарту жұмыстары соңғы әлетте қарқынды түре жүргізілуде. «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы мен «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы арқылы қаржыландыру нәтижесінде жеке кәсіпкер Э.Еспенбетова Диханкөл елді мекенінде құны 57 млн теңге болатын «Дихан Тау» саумалы сауықтыру орталығын іске қосты. Кешен бір мезгілде 25 отбасын қабылдайды. Көксәйек ауылдық окургінде «Сақ» демалыс аймағының құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі күнге балық шаруашылығы, тамақтану қызметі және сақ моншасы іске қосылды, 4 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Балық шаруашылығында 3 көл бар, онда карп пен форель балықтары өсірілуде. Құрылыс жұмыстары 2023 жылға өтпелі. Кемеқалған ауылдық округінде орналасқан «Алма-тау» тау курортында бүгінгі күнге қосымша қонақ үй және спорт кешенінің құрылысын ағымдағы жылдың қараша айында аяқтап, пайдалауға беру жоспарлануда. Жобаның құны 2 млрд 650 млн теңге. Сондай-ақ, тау туризмін дамыту мақсатында «Қасқасу туристік-рекреациялық кешенінің» жобасын жүзеге асыру мақсатында 2022 жылға инженерлік инфрақұрылым жүргізу үшін облыстық бюджеттен 1 млрд 050 млн теңге қаржы қарастырылып, жұмыстар жүргізілуде (жол салу, электр желілерін тарту). Нәтижесінде, туризм саласына жылдың соңына дейін 3 млрд 757 млн теңге инвестиция тартылып, 25 жұмыс орны ашылады.