Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданында ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Бүгінде ауданның аграрлық секторы заманның талабына сай шаруаларға жаңа технологияларды ендіру, өнімнің сапасын арттыру, бәсекелестікке жауап беру сынды ұтымды идеяларға бет түзеп, үлкен жетістіктерге қол жеткізуде. Бабын тапсаң-байлық жерде. Бұған төлебилік шаруалардың берекелі еңбегі дәлел. Қолда барды ұқсата білетін еңбексүйгіш шаруалардың ісі алға жүріп, жылдан-жылға өнім көлемі ұлғаюда. Соңғы 5 жылдың көлемінде аудан астық және майлы дақыл өндіру бағытында облыс деңгейінде 1-2 орындардан көрініп келеді. Биыл да жиналған майлы дақылдардың көлемінде өткен жылдармен салыстырмалы түрде өсіп отыр. Ауылшаруашылық саласының өнім көлемі 2022 жылдың 9 айында 45 млрд 595.9 млн теңгені құрады. Оның ішінде Мал шаруашылығы саласында 25 млрд 162.3 млн теңгенің өнiмi өндiрiлген. нақты көлем индексі 101.6 пайызды құрады. (облыстық көрсеткіш 99.8 пайыз). Ауданда мал басы саны көбейіп, ет және сүт өнімдерін өндіру көлемі артты. Жыл соңына дейін 1 жобаны іске асыру жоспарлануда. Кемеқалған ауылдық округінде «Қазығұрт бақтары» АШӨК -500 тонналық қойма құрылысын өз қаржысы есебінен жүргізуде. Тартылған инвестиция көлемі 150 млн. теңге. Нәтижесінде 10 адам жұмыспен қамтылатын болады. Ауылшаруашылығы саласындағы негізгі көрсеткіштерінің орындалу барысы: Суармалы жердің көлемін ұлғайту жұмыстары бойынша 165 гектарға жетіп, меже 92 пайызға; Тамшылатып суғару 150 гектарға жетіп, меже 83 пайызға; Ауылшаруашылық техникаларын жаңалау 58 бірлікке көбейтіліп, меже 100 пайызға; Алтын асық» бағдарламасы 1320 бас ұсақ мал алынып, меже 91 пайызға; «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 335 бас ірі қара мал алынып, меже 111 пайызға; «Құлан» бағдарламасы бойынша 145 бас жылқы мал алынып, меже 100 пайызға; 10-15 басқа арналған шағын мал бордақылау алаңдары 64 бірлікке жетіп, меже 100 пайызға; Жанұялық сүт өндіру тобы 26 бірлік ашылып, меже 104 пайызға; Қарқынды бау жеміс шаруашылығын дамыту 60 га ұлғайтылып, меже 50 пайызға орындалды. Қарқынды баудың көлемі («Қазығұрт бақтары» АШӨК, «Керемет агро» АШӨК) 3 жыл ішінде 160 гектарды құрап, өнім көлемі 2021 жылғы 1500 тонна орнына ағымдағы жылы 3500 тонна өнім жинау жоспалануда. Шаруашылықтар толық қуаттылыққа жеткенде 10500 тонна өнім жиналады. Жүзім өндірісінде жаңадан өнім бере бастаған «Тау жемісі» ЖШС-нің 20 гектар жүзім алқабынан 400 тонна өнім жинау жоспарлануда. Сондай-ақ жидек өндіруден 7 гектар алқаптан («Құдайбақ ата» ӨК, ЖК Жиынбаев Қанат») 20 тонна өнім жиналды. Шаруашылықтар толық қуаттылыққа енген жағдайда өнім көлемі 2,5 есе артатын болады. Аудан аумағында балық шаруашылығымен 7 кәсіпкер айналысады, оның ішінде 2 шаруашылық ағымдағы жылы ашылды. Жеке кәсіпкер Мурадов Навруз — Бірінші мамыр ауылдық округі, Бірінші мамыр елді мекенінде үй іргелік 0,25 га жерде балық ұстауға арналған бассейн жасап, 3000 дана сазан, 2000 дана карп балықтарын өсіруде; Жеке кәсіпкер Тойлыбаев Бекайдар Адамбекұлы — Бірінші мамыр ауылдық округінде орналасқан 0,5 га жерде балық ұстауға арналған бассейн жасап 10000 дана сазан, 5000 дана мөңке балық (карась), 2000 дана карп балықтарын өсіруде. Мал шаруашылығы саласында 21 млрд 854 млн теңгенің өнiмi өндiрiліп, нақты көлем индексі 102,1 пайызды құрады. Ірі қара мал басы былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 98,1% (69,9 мың бас), қой 98,9% (177,9 мың бас), ешкі 99,9% (8,0 мың бас), жылқы 114,7 % (39,0 мың бас), құстар 86,5% (199,4 мың бас) құрады. Ет өндіру-101,9% (10694,9), сүт-102,1% (52160,1 тн), жұмыртқа-104,2% (13384,2 мың дана) құрады. 2022 жылы көктем айларында жауын-шашынның көп болуына байланысты өзендерде су деңгейі көтеріліп, көптеген канал бастарына айтарлықтай зақым келтірілген болатын. «Қыр» каналының сынып жарамсыз болған 6 дана лотогының орнына 11 метрлік құбыр орнатылды. Сонымен қатар, «Атбұлақ», «Озерный», «Планировочный» каналдары және «Кент» магистралды каналының 480 метр жері, аудан әкімдігінің ықпалымен «Қазсушар» республикалық коммуналдық меншігіндегі Тесіктас, Горный камень, Айналма және Блюскен-1 каналдарының 0,6 шақырымы қалпына келтірілді. Көксәйек, Қасқасу, Қаратөбе, Қоғалы ауылдық округтеріне қарасты (Жіңішке, 8-март, Көксәйек, Кент, Қара-Шора, Ұзын, Таш, Төңкеріс) каналдарының 6,5 шақырымы, сондай-ақ, Науытсай, Жаманжар, Аққұм ішкі және Момынайтас каналдарының 12,5 шақырым жерлері механикалық тазаланды.