Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауыл халқының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту мен акыл шаруашылығы мен мал шаруашылығының экспорттық әлеуетін арттыруда – қой шаруашылығын өркендетудің маңызы ерекше. Бүгінгі таңда, қой шаруашылығы өнім¬дері¬нің 80 пайыздан астамы шағын қожа¬лық¬тар мен қосалқы үй шаруашы¬лық¬тарында өндіріледі. Атам заманнан мал қадірін түсініп, етін азық, терісін киім қылған елдің ұрпағы – бізге атакәсіпке құрметпен қарау, саланы дамытып, өнімін ұқсата білу – парыз. Бүгінгі таңда етті-майлы бағыттағы қой тұқымдары қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы, еділбай қойы, қазақ¬тың ұяң жүнді құйрықты қойы, сарыар¬қа қылшық жүнді құйрықты қойы, дегерес қойы, ордабасы қойы, гиссар тұқымының қан үлесі түрліше будандары еліміздегі осы түлік түрінің пайызға жуығын құрап отыр. Басты себеп – олардың кү¬тім тал-ғамайтындығы мен қозы¬ларының тез¬жетілгіштігі. Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасы жанынан былтыр ашылған «Атамекен-Түркістан» микроқаржылық ұйымынан Бәйдібек ауданынан біраз азаматтар несие алып, кәсіптерін жүргізуде. Солардың бірі — Кеңес ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер — Меңлібек Мейірбеков. Биыл шілде айында уақ мал басын көбейту мақсатында жеңілдетілген пайызда жеті миллион теңге көлемінде несие рәсімдеп, оған 140 аналық бас саулық алған кәсіпкер болашаққа үлкен үмітпен қарауда. «Несие рәсімдеуде менің қиналғаным, кепілге қоятын жылжымайтын мүлік табу болды. Микроқаржылық ұйымның операторы болып табылатын «Аграрлық несие коорпорациясы» АҚ ауылдағы үйлерді төмен бағалауы себепті, кепілге қоятын мүлікті қаладан іздеуге тура келді, былайша микроқаржылық ұйымның мамандары мен кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы қызметкері Е.Сопбековке несие құжаттарын сүйемелдеуде көрсеткен қызметі үшін алғысым шексіз» — дейді кәсіпкер. Алдағы уақытта кәсібінің аясын кеңейтіп, мал басын бұдан да арттыру жоспарында бар.