Саясат САЙЛАУ КҮНІ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ИНВАТАКСИ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ Редактор 31.10.2022 4764 1 оқу мин Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы жанынан құрылған мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Жиында 20 қарашада өтетін Президент сайлауында мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруі үшін қолайлы жағдай жасау мәселесі қаралды. — Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының ережесін және жұмыс тобының жаңа құрамын бекіттік. Оның құрамына 19 адам, яғни мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кірді, — деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров. Осыдан кейін ҚР ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова жергілікті атқарушы органдар ұсынған деректерге сәйкес, еліміздегі сайлау учаскелерінің 92 пайызы пандустармен, 82,3 пайызы ғимаратқа кіреберістегі тактильді белгімен қамтамасыз етілгенін айтты. — Учаскелердің 95,2 пайызында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнаулы бұрыш жабдықтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар учаскелердің 94,1 пайызында кабиналарды кресло-қоларбамен жүретін азаматтарға қолжетімді етіп жабдықтау көзделіп отыр. Дауыс беретін күні инватакси қызметі жұмылдырылатын болады, — деді ол. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1200-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРҒАН 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1200-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРҒАН 30.10.2024 98911 IQanat Олимпиадасы: 56 мың ауыл баласы не үшін күреседі? 1 оқу мин Саясат IQanat Олимпиадасы: 56 мың ауыл баласы не үшін күреседі? 28.10.2024 108346 РЕСПУБЛИКА КҮНІ ШЫМКЕНТ — МАҚТАНЫШ ПЕН БІРЛІКТІҢ ЖАҢА СИМВОЛЫНА ИЕ БОЛДЫ 1 оқу мин Саясат РЕСПУБЛИКА КҮНІ ШЫМКЕНТ — МАҚТАНЫШ ПЕН БІРЛІКТІҢ ЖАҢА СИМВОЛЫНА ИЕ БОЛДЫ 26.10.2024 114911