Отандық тыңайтқыштың тиімділігі көп Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданы, Бөржар ауылдық округіне қарасты Қайнар елді мекенінде аудан шаруаларына биогумус органикалық тыңайтқышын өндірудің қыр-сырын үйретуге арналған семинар-кеңес өтті. Калифорния шылаушыны арқылы биогумус өндіруді үйреткен кездесуге Алматы, Ақтөбе қалалары мен облысымызға қарасты барлық аудан-қалалардан, ауылдық округтен 100-ден астам шаруа қатысты. Бүгінде шетелдік тыңайтқыштардан көрі дәл осы биогумус сұраныс артып келеді. Оны өндірушілердің қатары да көбейіп отыр. Пайдасы мол кәсіпке бет бұрушылар расында бұл кәсіптің қыр сырын үйреніп алса түк те қиындығы жоқ екендігін айтады. Кездесуде сала мамандары биогумус бизнесі бойынша тәжірибемен бөлісіп, қатысушыларға кәсіпті қалай бастау керектігін егжей-тегжейлі баяндап, оның қыр-сыры бойынша толық ақпарат берді. «Жұмыспен қамту орталығы арқылы берілетін грант алушыларға осы жобаны енгізіп, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға және облыс деңгейінде пилоттық жоба ретінде жүзеге асыруды ұсынамыз», – дейді аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Фатима Қайымқызы. Бүгінде биогумусқа қажетті шикізат та, топырақ та ауыл тұрғындарының ауласынан көптеп табылады. Ауылдағы малы бар кез-келген үйдің ауласында шашылып жатқан төрт түліктің көңіне шылаушын асырап, қарашірікке, яғни, органикалық тыңайтқышқа айналдыру арқылы егістік жердің құнарын арттыруға болады. Жердің құнарлығы артып, ол 3 жыл бойы сақталады. Бұл бірінші кезекте шеттен келетін химиялық тыңайтқыштарға тәуелділікті азайтады. Қазіргі таңда Ордабасы ауданы көлемінде 15-ке жуық азамат осы шаруашылықпен айналысып жатыр. Кәсіптің көзін тапқандар топырақтың құнарлылығын арттыратын табиғи өнімді дихандарға сатып пайдаға кенеліп отыр. Аудан әкімінің тапсырмасына орай болашақта бұл кәсіп түрін барлық ауыл, елді мекендерде жүзеге асыру көзделіп отыр. Әрі пайдасы мол кәсіпті үйренуге құлышыныс танытып отырғандардың да қарасы көп. Расында шетелден әкелінетін қымбат органикалық тыңайтқыштардан көрі жергілікті биогумус мың есе артық дейді мамандар. Әрі бағасы тиімді. Қалтаны қақпайды. Ордабасы ауданы Бөржар ауыл округі, Қайнар елді мекенінде жеке кәсіпкер Бақытжан Әсембеков Калифорния қызыл құрттарының басын көбейтіп, биогумус өнімін, яғни, органикалық таза тыңайтқыш өндіруде. Әу баста 200 калифорниялық шы¬лаушан сатып алған кәсіпкер, бүгінгі таңда 50 000 000 шылаушанға жеткізді. Өсімтал болғанымен оларды көбейту мехнаты көп шаруа. Дегенмен ерінбей еңбек еткен жанға алынбайтын қамал жоқ екендігі тағы да рас. Мамандар калифорния қызыл құрттарының өмір сүру ұзақтығы – 15 жыл дейді. Ыстыққа да, суыққа да өте төзімді келеді. Әрі жылдам көбейеді. Бұл саладан хабары жоқ кез келген адам үй ауласында-ақ өсіре алады. Осы кәсіптің қыр сырын жетік меңгеріп алған жеке кәсіпкер Әсембеков Бақытжан Мырзанұлы 50 000 000 қызыл калифорниялық шы¬лаушын асырап отыр. Пайдасы мол бауырымен жорғалаушы жәндіктерден жылына 1000 куб биогумус өндіреді. Бұл кәсіптің тиімділігі сонда оған төрт түлік сияқты жем шөп сатып алып, артық шығын шығарудың мүлде қажеті жоқ. Қайта осы төрт түліктің қалдығын жеу арқылы жердің құра¬мын гумуспен байытып, құнарлы қа¬ра топыраққа айнал¬дырады. Ауыл шаруашылығын дамытып отырған ауданда органикалық тыңайтқыштың бұл түрін қолданып, өнім өндіруді молайтуға болады. Тіпті осы биогумус себілген жерден жылына екі рет өнім алуға болады. Бұл кәсіпті игеруде де аа қатты білімнің қажеті жоқ. Қалай асырап, бағу жолдарын біраз уақыт бақыласа ғана жеткілікті. Пайдасы мол шылаушандардың басын көбейтіп, кәсіпті дөңгелетуге болады. Осы ауданға қарасты Темірлан елді мекенінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Қанат Патеев те осы кәсіптің көрігін қыздырып отыр. Өз үйінің ауласында 2000 бас калифорниялық шы¬лаушан асырап, 10 000 басқа жеткізді. Алдағы уақытта тағы да көбейту үшін жұмыс істеуде. Қызық әрі тиімді кәсіпті игеруге деген құлышыныс танытып отырғандар қатары күннен күнге көбею үстінде. Сондықтан да аудандық кәсіпкерлік бөлімі тарапынан жоба иесіменен шаберлік сабақтары семинарлар өткізу жоспарлануда. Осы семинарларға әлден ақ жазылып жатқандар бар.