Саясат САЙЛАУҒА САЛҒЫРТ ҚАРАМАЙЫҚ! Редактор 01.11.2022 12670 1 оқу мин Бүгінгі таңда елімізде халықтың әл-әуқатын арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Қазақстанның алдында ұлы мақсаттар тұр. Елімізде әр азаматтың өз қабілетін іске асыруына барынша қолайлы жағдай жасалған. Қолынан іс келетін, қоғам ісіне белсене атсалыса алатын әрбір адамның жақсы өмір сүруіне, қолайлы мемлекетті құруға өз үлесін қосуына мүмкіндігі бар. Биыл ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша Республикалық Референдум өткізу туралы шешім – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасы арқылы бастау алды. Референдумда халық белсенділік танытып, өз таңдауларын жасады. Осылай отандастарымыз мемлекетіміздің болашағын айқындауда өз қалауын білдірді. Шыны керек, соңғы кездегі өзгерістерге халық қолдау білдіруде. Өздеріңізге белгілі, былтыр тұңғыш рет ауыл әкімдерінің сайлауы өтті. Жаңа жас көшбасшылар билікке келіп, халықтың қалауы орындалуда. Елде атқарылып жатқан жұмыстар көп, ал кезең-кезеңімен орындалатын шаруалар да аз емес. 20 қараша күні кезектен тыс Президент сайлауы өтетіні жайлы Үндеу жарияланғалы бері мен де өз таңдауымды жасауға асықпын. Себебі мен ол күні тек менің ғана емес тұтас елімнің болашағы айқындалатынын анық білемін. Ол күні мен әдеттегідей өз сайлау учаскеме сайлаушылардың алдыңғы қатарында баруға бел будым. Маңызды саяси науқан – Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға барша жұртты белсене қатысуға шақырамын. Бұл сайлау — әрбiр қазақстандықтарға үлкен жауапкершiлiк, азаматтық белсенділік жүктейді. Менсіз де сайлау өтеді деген кертартпа пікірден арылатын уақыт келді. Нұрғали ОТАРОВ, Сарыағаш аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң басшысы Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Казахстан и Кыргызстан укрепляют сотрудничество в рамках ШОС 1 оқу мин Саясат Казахстан и Кыргызстан укрепляют сотрудничество в рамках ШОС 12.08.2026 6099 День Каспийского моря отмечают в Казахстане: экологические инициативы объединили волонтеров семи стран 1 оқу мин Саясат День Каспийского моря отмечают в Казахстане: экологические инициативы объединили волонтеров семи стран 12.08.2026 5343 Предварительные результаты переписи населения опубликованы в Узбекистане 1 оқу мин Саясат Предварительные результаты переписи населения опубликованы в Узбекистане 03.07.2026 12605