Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің мәжіліс залында облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібековтың төрағалығымен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Кеңестің мақсаты — облыстағы мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы. Сонымен қатар облыс жастарының проблемаларын шешу жолдарының тиімді механизмдерін талқылап қана қоймай, нақты жүзеге асыру. Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Болат Жанәбіл атқарылған жұмыстар жұмыстар жөнінде баяндама жасады. «1991 жылы облысымызда бар болғаны 4 жоғары 39 кәсіптік-техникалық колледждер болса, бүгінгі таңға облыс бойынша 12 жоғары, 90 кәсіптік-техникалық колледждерде 150 мыңнан аса жастар сапалы білім алуда. Осы 12 жоғары оқу орындарында жастар ісі комитеттері, өзін-өзі басқару жүйесі енгізілсе, 10 жылдық тәжірибесі бар М.Әуезов атындағы ОҚМУ жанынан құрылған «Достық» клубын барлық оқу орындарында ашу жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде 100-ден аса этнос өкілдері шоғырланған облысымыздың жастарына айтарлықтай өз үлесін қосары анық. Сондай-ақ, 2016 жылдан бастап еліміздегі жоғары оқу орындарының гуманитарлық және педагогикалық мамандықтары бойынша «Жастар саясаты» оқу пәнінің бағдарламасы енгізілді. 2011 жылдан бастап республикада алғашқы болып облыстағы барлық аудан, қалаларында «Жастар ресурстық орталығы» КММ құрылып, бүгінде онда 273 маман жастар саясатын жүзеге асырумен айналысуда. Бұл мақсатта елімізде жастардың жан-жақты дамуы мен әлеуметтік-экономикалық жағдайларды жақсарту үшін арнайы жастарға арналған бағдарламалармен қатар, елде іске асырылып жатқан білім беруді, денсаулық сақтауды, тілдерді дамытудың, үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың ауқымды мемлекеттік бағдарламалары; «Болашақ» халықаралық стипендиясы, «Серпін – 2050», «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы», «Жұмыспен қамту – 2020», «Жасыл ел», «Студенттік құрылыс отрядтары», «Бизнестің жол картасы – 2020», «Қолжетімді баспана – 2020» салалық бағдарламалары жүзеге асырылып келеді. Облысымыздағы 12 жоғары оқу орындарында 67 мың, 90 кәсіптік-техникалық колледждерде 70 мыңнан аса жастар білім алса, 1022 жалпы мектептерде 14-18 жас аралығындағы 163 682 мыңға жуық оқушы білім алуда. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті 1993 жылғы 5 қарашада талантты, дарынды жастарға шетелде білім алу үшін жәрдемдесу мақсатында «Болашақ» халықаралық стипендиясын құрды. Бүгінгі күнге дейін 1 мыңға жуық жастарымыз шет елде білім алып, еліміздің түрлі салаларында қажырлы еңбек етуде. Жастардың арасында осы «Болашақтың» арқасында білімді болып елге оралып, отаны үшін тер төгіп жүргендер аз емес бүгінде. Алдағы уақытта осы бағдарламаның шарапаты арылы оқығысы келетін жастарға бөлінетін орын санын көбейту қарастырылмақ. Тек 2015 жылы біздің облыстан 6 жас шетелде білім алу грантына ие болса, жалпы шет елде білім алып жатқан жастар саны 68. «Болашақ» бағдарламасы бойынша білімін жетілдіріп қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында түрлі мекемелерде 183 жас жұмыс жасап жатқан болса, оның ішінде 12-і мемлекеттік қызметтерде басшылық қызмет етуде. 2014 жылы бастау алған «Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша соңғы 2 жыл ішінде Қазақстанның солтүстік аймақтарындағы жоғары және кәсіптік колледждерде білім алуға 3805 жас аттанды. Бұл жұмыс биылда өз жалғасын табуда. 2015 жылы Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының жастары үшін бөлінген республикалық 5000 гранттың 2 580 біздің облыстың жастары иеленсе, 2016 жылға бөлінген 3162 грантқа 9 мыңға жуық жастарымыз өтініш білдіріп, бүгінгі таңда оқуға қабылданған жастар туралы мәліметтер жасақталуда.
Динар Бекасыл