Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру аясына денсаулық пен спорттың құндылығын насихаттау да кіреді. Өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілік қағидатының, зиянды әдеттерден бас тартудың, салауатты өмір салтын ұстанудың бұрынғыша маңыздылығы жоғары. Ол үшін Оңтүстік Қазақстан облысында спорт нысандарын көбейтуге күш салынуда. Бүгінгі күнге облысымызда 5 193 спорт нысандары (оның ішінде 4051- ауылдық жерлерде) халыққа қызмет көрсетуде. Сонымен қатар жалпы білім беретін 1022 мектепте 743 спорт зал оқушыларға қызмет көрсетсе, оның ішінде 583 спорт залдары жергілікті тұрғындар үшін қолжетімді, яғни облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес сабақтан тыс уақыттарда кешкі сағат 19:00-22:00 дейін ауыл жастарының спортпен шұғылдануына жағдайлар жасалынған. Жастар арасында көше спортын дамыту мақсатында «Street Workout» спорттық ойыны соңғы екі жылда белсенді жұмыс жасауда. Бүгінгі күні «Басқа жол» деген атаумен көше жастарының басын қосып салауатты өмір салтына жастарды кеңінен тартып жүрген бұл ұйым Шымкент қаласы мен жақын маңдағы ауылдардағы 2 мыңнан аса жастар спорт түрлерімен шұғылдануда. Осы мақсатта басқарма тарапынан жастар арасында көше спорттын дамыту және маргиналды жастарды осы спорт түріне тарту мақсатында арнайы «ШымкентФест» және «Street Workout» жобалары әзірленіп, ағымдағы жылғы қыркүйек айында өткізілуі жоспарлануда. Сыбайлас жемқорлық — қазіргі заманғы дамыған және дамушы мемлекеттердің төрінен орын алып келе жатқан кесел. Сонымен қатар, облыстағы барлық жоғары және арнаулы орта оқу орындарында қысқы сессия мезгілінде «Біз жемқорлыққа қарсымыз», «Таза сессия» тақырыптарында тәлімгерлік сағаттар өткізілуде. Осы күнге дейін аудан, қалаларда облыс бойынша 28 рейд жүргізіліп, 340 жасөспірімге Қазақстан Республикасы Заңдары аясында құқықтық көмек көрсетілді. Облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 282 жасөспірім орналастырылды. Биылғы 2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуротурасының ұсынысымен, Қазақстанда тұңғыш рет облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де жастарға психологиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және консультациялық көмек беру бөлімі ашылып, «Қиын жағдайда қалып қойған жасөспірімдерге тегін және орталықтандырылған телефон нөмірі» (Call-центр) іске қосылды. Орталықтың жұмысы жөнінде арнайы бейнеролик әзірленіп, жергілікті «Қазақстан-Шымкент» телеарнасы арқылы көрсетілуде. Арнайы әзірленген 3000 дана ақпараттық плакат аудан, қалаларға таратылып, білім беру мекемелеріне, халық көп шоғырланатын орындарға, қоғамдық көліктерге ілінді. Бүгінгі таңға Арыс, Бәйдібек, Мақтарал, Отырар, Сарыағаш, Созақ, Төлеби Шымкент қаласының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-да психолог штаты бар.Қалған аудандарда психолог маманға штат берілмеген, орталықтың әдіскерлеріне қосымша жүктелген. Ағымдағы жылғы шілде-тамыз айларында Сарыағаш ауданында 34 жастар мен жасөспірімдерге тәжірибелі психолог маманның көмегі көрсетілсе, 26 жасқа психологиялық терапиялық көмек көрсетілді. Жыл басынан бері 10 ЖОО-да 33, колледждерде – 24, мектептерде – 38 рет арнайы мамандармен кездесу өткізілді. 2017 жылы Астана қаласында өтетін «ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмеге еліміздің барлық аймақтарынан еріктілер жинақталуда. Осыған орай, аталған көрмеге облысымызда үш тілді меңгерген (қазақша, орысша, шет ел ағылшын тілі) 100 іріктілген еріктілердің тізім жинақталып, оқыту әдістемесі әзірленуде. Күні кеше Моңғолия Республикасының Баян-Өлгей аймағында орын алған табиғат апатынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында облыс жастары Үндеу жариялап, көмекке мұқтаж жандарға көмек көрсету жұмыстары ұйымдастырылды. Бәйдібек, Созақ, Ордабасы аудандары мен Кентау, Шымкент қалаларында «Жастар сарайы» ғимараттары жастарға қызмет көрсетуде.
Динар Бекасыл