Саясат МЕЙРАМ ҚАЖЫКЕН СЕМЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БОЛДЫ Редактор 03.11.2022 12643 1 оқу мин Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Семей медициналық университетінде болды. Бұл – Павлодар мен Өскеменде өз ауруханасы мен филиалы бар елдегі ең ірі медициналық жоғары оқу орындарының бірі. Кандидат ұжымға өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Жиында республиканың нарықтық қажеттіліктеріне сәйкес елдегі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім «елдің зияткерлік әлеуетін қалыптастыра алатындай» жаңғыртылуы қажет екені айтылды. Сондықтан М.Қажыкен өңірлік университеттерге көбірек көңіл бөлу керек екенін, түрлі ғылыми зерттеулер жүргізілу үшін әр білім ордасы өзінің ғылыми-техникалық базасын құру керек екенін айтты. Кандидат жалақыны көтеру, әлеуметтік төлемдер және зейнет жасын төмендету секілді тақырыптарды да қозғады. Бұл ретте, базалық әлеуметтік мөлшерлемелерді қайта қарау қажеттігін нақтылады. «Азық-түлік бағасын қайта есептеу керек. Коммуналдық қызметтер, балаларға тәттілер, кітап сатып алу, театрға кем дегенде айына бір рет бару керек. Бірақ бұл шығындар ескерілмейді. Осылай жұмыс берушілер қызметкерлердің жалақысын есептеу кезінде ең төменгі жалақының шағын көрсеткішін шығарады. Ол үшін мұнай ресурстарына емес, кәсіпкерлікке байланысты экономика моделін өзгерту керек», деді Мейрам Қажыкен. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Предварительные результаты переписи населения опубликованы в Узбекистане 1 оқу мин Саясат Предварительные результаты переписи населения опубликованы в Узбекистане 03.07.2026 5266 Экономический рост Центральной Азии: что способствует развитию региона 1 оқу мин Саясат Экономический рост Центральной Азии: что способствует развитию региона 03.07.2026 4746 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті 1 оқу мин Саясат Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті 21.03.2026 24186