Саясат НҰРЛАН ӘУЕСБАЕВ ШЫМКЕНТКЕ САПАРЫ БАРЫСЫНДА АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Редактор 03.11.2022 15287 1 оқу мин ҚР президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан үміткер Нұрлан Әуесбаев Шымкентке сапары барысында Аймақтық сайлауалды штабқа соғып, партия активімен кездесті, сонымен бірге азаматтарды қабылдады. Іс-шара барысында Нұрлан Әуесбаев ЖСДП белсенділерін өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі тармақтарымен таныстырды. Құжатта баса назар саяси реформаларға аударылғанын атап өтті. Үміткердің пікірінше, «Алдымен экономика, кейін саясат» стратегиясы тиімсіз болып шықты. Партиялық-саяси өрісті толыққанды реформалау қажет. Кезек күттірмейтін тағы бір өзекті мәселе – экономикаға тұсау болып отырған жемқорлық. Бұл жағымсыз құбылысты жою үшін ЖСДП-дан үміткер парақорларға қатысты жазаны барынша қатайтуды ұсынады. Әуесбаевтың пікірінше, сыбайлас жемқорлық қылмыс үшін сотталғандарды мерзімінен бұрын босату құқығынан айыру қажет. Бюджет қаражатының бөлінуіне қатысты халықтық бақылау орнатылған кезде ғана сыбайлас жемқорлықпен күресуге болады. Нұрлан Әуесбаевтың пайымдауынша, ол үшін елге олигархтардың емес, халықтың түрлі топтарының қызығушылықтарын қорғайтын күшті бір палаталы парламент қажет. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Кыргызстан готовится к запуску первого спутника 1 оқу мин Саясат Кыргызстан готовится к запуску первого спутника 01.10.2026 5698 Призывников и контрактников в Узбекистане будут проверять на наркотики 1 оқу мин Саясат Призывников и контрактников в Узбекистане будут проверять на наркотики 01.10.2026 4733 Казахстан и Кыргызстан укрепляют сотрудничество в рамках ШОС 1 оқу мин Саясат Казахстан и Кыргызстан укрепляют сотрудничество в рамках ШОС 12.08.2026 10458