Саясат ҚАРАҚАТ ӘБДЕН: КӨПБАЛАЛЫ АНА БОЛУ – НАҒЫЗ ЕРЛІК Редактор 03.11.2022 8566 1 оқу мин ҚР президенті болуға үміткер Қарақат Әбден Ақтөбе қаласының сайлаушылармен кездесу өткізді. Сайлауалды жиында үміткер жергілікті тұрғындармен, Іскер әйелдер қауымдастығының өкілдерімен кездесті. Жиын барысында президенттікке үміткер өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, әлеуметтік сала, әйелдің қоғамдағы рөлі мен көпбалалы әйелдердің жағдайы туралы сөз қозғалды. «Бір қолымен бесік тербетіп, бір қолымен әлемді тербеген көпбалалы аналар қоғамға, жастарға үлгі болу керек. Көпбалалы ана болу – нағыз ерлік. Бүгінгі кездесуге келген ақтөбелік әйелдер қауымы осының жарқын үлгісі бола алады. Олардың белсенділік танытып жүргені қуантады. Ел игілігі үшін әйелдердің көшбасшылық қасиеттерін дұрыс бағытта дамыту, ежелден қалыптасқан ұлттық құндылықтарды сақтау мен отбасындағы бала тәрбиесі әйелдердің басты назарында екені белгілі болды. Өзім көпбалалы ана ретінде әйел-ана, қазақ қызы ұлт айнасына айналу керек деп санаймын», — деп атап өтті Қарақат Әбден. Жиналған әйелдер қауымы бала тәрбиесіндегі тіл мәселесінің өзектілігін де тілге тиек етті. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 1 оқу мин Саясат ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 06.10.2025 19612 Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 1 оқу мин Саясат Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 18.09.2025 46145 Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 1 оқу мин Саясат Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 17.09.2025 50216