Саясат МЕЙРАМ ҚАЖЫКЕН ӨСКЕМЕНДЕГІ «ВОСТОК МОЛОКО» КОРПОРАЦИЯСЫНА БАРДЫ Редактор 04.11.2022 6559 1 оқу мин Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен үгіт-насихат науқаны аясында Өскемендегі «Восток молоко» корпорациясына барды. Үміткер әуелі ұжым қызметкерлеріне өзінің сайлауалды тұғырнамасының негізгі бөлімдерін түсіндірді. Жиынға қатысқан жұмыскерлердің тарапынан экономикалық реформалар мен азаматтық қоғамды дамытуға қатысты сұрақтар туындады. Өз кезегінде кәсіпорын басшысы Сейілжан Сайлаубаев инфляцияның өсуі, халық пен бизнестің несиеге батуы, ең төменгі жалақы көрсеткіші сияқты проблемалық мәселелер бойынша пікір білдірді. М.Қажыкен айтылған пікірлермен келісіп, бұл тақырыптардың басым бөлігі сайлауалды бағдарламаға енгізілгенін айтты. «Бүгінгі таңда ең төменгі жалақының қалай анықталатыны белгісіз. Мен оны индекстеуді ашық етіп қана қоймай, ЭЫДҰ (экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) дамыған елдерінің деңгейіне жеткізуді ұсынамын. Тиісінше ЕТЖ 60 мың емес, кем дегенде 150 мың теңгені құрайтын болады», деді кандидат. Ол алдағы уақытта еңбек саласында әлеуметтік әріптестікті дамытуды жоспарлап отырғанын жеткізді. «Кәсіпкерлер мен кәсіподақтар кез келген мәселелерді бірге шешуге тиіс. Ал көшбасшы заң болуы керек. Біз әркімнің мүддесі ескерілетін және әр азамат өзі үшін шешім қабылдауға, өз мүдделерін қорғауға құқығы бар мемлекет құрып жатырмыз», деп атап өтті кандидат. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН ТҮРКИЯНЫҢ МЕДИА КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДА ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН ТҮРКИЯНЫҢ МЕДИА КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДА ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ 28.02.2025 218064 В Алматы стартовал конкурс по подготовке лучших материалов по актуальным вопросам религиозной сферы 1 оқу мин Саясат В Алматы стартовал конкурс по подготовке лучших материалов по актуальным вопросам религиозной сферы 18.02.2025 250276 Алматыда дін саласының өзекті мәселелері туралы үздік материалдарды дайындау байқауы басталды 1 оқу мин Саясат Алматыда дін саласының өзекті мәселелері туралы үздік материалдарды дайындау байқауы басталды 18.02.2025 258666