Саясат ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ЖАҚТАСТАРЫ ЖЕТІСУ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ Редактор 04.11.2022 11962 1 оқу мин Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары Жетісу облысының тұрғындарымен кездесіп, сайлауалды бағдарламадағы аграрлық секторға қатысты басымдықтарды талқылады. Ал шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесуде штаб мүшелері кандидаттың тарихи мұраны сақтау, мәдениетті қолдау және отандық өнерді дамыту бойынша ұсыныстарын талқылады. «Қоғамдық келісімді нығайту, жастарға дұрыс тәрбие беру және өскелең ұрпақтың бойына жасампаз құндылықтарды сіңіру ісінде зиялы қауым өкілдері айрықша рөл атқарады. Сіздердің жастармен әңгімелесіп, оларды белсенді болуға, 20 қарашада сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасауға шақырғандарыңыз маңызды», деді республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов. Жергілікті кәсіпкерлермен және шаруалармен кездесуде кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан шағын және орта бизнесті қолдау шаралары талқыланды. Бұдан соң, Балпық би ауылында штаб мүшелері Көксу қант зауытының еңбек ұжымымен кездесіп, бизнес пен еңбек адамын қолдау жөніндегі басымдықтарға назар аударды. Сол күні штаб мүшелері өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың және жастар ұйымдарының басшыларымен бірге сайлауалды бағдарламаның Қазақстанды саяси жаңғыртуға арналған блогын талқылады. Ерлан Қошанов жастарды сайлау науқанына белсенді атсалысуға шақырды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Предварительные результаты переписи населения опубликованы в Узбекистане 1 оқу мин Саясат Предварительные результаты переписи населения опубликованы в Узбекистане 03.07.2026 5266 Экономический рост Центральной Азии: что способствует развитию региона 1 оқу мин Саясат Экономический рост Центральной Азии: что способствует развитию региона 03.07.2026 4746 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті 1 оқу мин Саясат Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті 21.03.2026 24186