Мақта кластерін дамытуды қолға алу қажет екендігі кеңінен талқыланды Ақ алтынды өңір, Мақтаарал, Жетісай, Шардара, Ордабасы аудандарында күзгі терімнен кейін мақта бағасын белгілеу біраз уақытты алады. Осыған байланысты жуырда Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданында Облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы төрағалымен мақта мәселесі бойынша жиын болып өтті. Жиынға облыстық мәслихат депутаттары Жарқынбек Қанаев, Тимур Қырықбаев, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңес төрағасы Нұралы Әбішов, Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбек пен Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов, Түркістан облысы ауылшаруашылық басқармасының басшысы Тұрғанбек Оспанов, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Жетісай аудандық филиалының директоры Мади Шакенов, жәнеде өңірдегі барлық мақта зауыттарының басшылары мен микроқаржы ұйымдарының басшылары, қос ауданның мақта өсірумен айналысатын диқандары қатысты. Мақсаты мақтаның нақты бағасын бекіту және мақта саласына қатысты ұсыныстар талқылау, агроқұрылымдарға техникалық дақылдың тек шикізат күйінде экспортталуына байланысты бағасының шетелдік трейдерлік компанияларға тәуелді екендігі, мәселені тиімді шешу үшін және шетелдік трейдерлік компаниялардан тәуелсіз жұмыс істеу мақсатында өңірде мақта кластерін дамытуды қолға алу қажет екендігі кеңінен талқыланды. Ауқымды жиында бірнеше мәселе көтерілді. Айта кетсек, зауыттардағы қазіргі қолданыстағы мақта қабылдау стандарты ескірген, жаңа мақта қабылдау стандартын бекіту қажет. Себебі қазіргі таңда мақта талшығының шығымы әр сортта әр түрлі, әр шаруаның мақтасынан шығатын мақта талшығының шығымы әр түрлі, осыған орай мақта талшығының шығымына (выход волокна) қарай шаруалармен есептесу керек,- деп атап өтті «Нұралы Агро» шаруа қожалығының төрағасы Ербол Ералиев. Зауыт басшылары қазіргі таңда мақта бағасы Ливерпуль биржасы күннен күнге түсуіне байланысты және сұраныстың төмен болуына байланысты, бүгінгі таңға 250 теңгеден көтермейтіндігін айтты. Дәлел ретінде Ресейлік және Чехославиялық сатып алушылармен мақта талшығын тоннасын 1600 АҚШ доллармен келісім-шартта тұрып жатқандығын, және бұл теңгеге шаққанда 230 теңгеге тура келетінін айтуда. Шаруалар тарапынан: — Мақта бағасы неге кеш шықты, көршілес Қырғыстан, Өзбекстан мемлекеттерінде мақта бағасы неліктен жоғары?,- деген сұрақтар болды. Мақта шаруашылығымен айналысатын аудандарда диқандар шетелдік трейдерлік компанияларға тәуелді екендігі жасырын емес. Бұл мәселе жылда қайталануда. Басқосудың мақсаты — осы саладағы барлық проблеманы талқылап, қорытынды жасап мақтаның нақты бағасын белгілеу. Шитті мақтаның зауыттарға өткізу бағасы әлемдік нарықтағы мақта талшығының бағасына тікелей тәуелді болғандықтан халықаралық Ливерпуль мақта биржасының индексіне сәйкес белгіленеді. Бүгінгі күнге халықаралық Ливерпуль биржасында орта талшықты мақта бағасының 1 келісі болжаммен 230 теңгені құрап отырғандығы айтылды. Жиын барысында шаруалар мен мақта зауыттарының басшылары мақтаның келісіне 250 теңгеден есеп айыруға, ал, сақтауға қойған шаруаларға ақпан айында сол кездегі бағамен айырмашылығын төлеу жөнінде қорытындыланды. Жетісай ауданында Облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы төрағалымен мақта мәселесі бойынша жиын болып өтті. Жиынға облыстық мәслихат депутаттары Жарқынбек Қанаев, Тимур Қырықбаев, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңес төрағасы Нұралы Әбішов, Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбек пен Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов, Түркістан облысы ауылшаруашылық басқармасының басшысы Тұрғанбек Оспанов, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Жетісай аудандық филиалының директоры Мади Шакенов, жәнеде өңірдегі барлық мақта зауыттарының басшылары мен микроқаржы ұйымдарының басшылары, қос ауданның мақта өсірумен айналысатын диқандары қатысты. Мақсаты мақтаның нақты бағасын бекіту және мақта саласына қатысты ұсыныстар талқылау, агроқұрылымдарға техникалық дақылдың тек шикізат күйінде экспортталуына байланысты бағасының шетелдік трейдерлік компанияларға тәуелді екендігі, мәселені тиімді шешу үшін және шетелдік трейдерлік компаниялардан тәуелсіз жұмыс істеу мақсатында өңірде мақта кластерін дамытуды қолға алу қажет екендігі кеңінен талқыланды. Ауқымды жиында бірнеше мәселе көтерілді. Айта кетсек, зауыттардағы қазіргі қолданыстағы мақта қабылдау стандарты ескірген, жаңа мақта қабылдау стандартын бекіту қажет. Себебі қазіргі таңда мақта талшығының шығымы әр сортта әр түрлі, әр шаруаның мақтасынан шығатын мақта талшығының шығымы әр түрлі, осыған орай мақта талшығының шығымына (выход волокна) қарай шаруалармен есептесу керек,- деп атап өтті «Нұралы Агро» шаруа қожалығының төрағасы Ербол Ералиев. Зауыт басшылары қазіргі таңда мақта бағасы Ливерпуль биржасы күннен күнге түсуіне байланысты және сұраныстың төмен болуына байланысты, бүгінгі таңға 250 теңгеден көтермейтіндігін айтты. Дәлел ретінде Ресейлік және Чехославиялық сатып алушылармен мақта талшығын тоннасын 1600 АҚШ доллармен келісім-шартта тұрып жатқандығын, және бұл теңгеге шаққанда 230 теңгеге тура келетінін айтуда. Шаруалар тарапынан: — Мақта бағасы неге кеш шықты, көршілес Қырғыстан, Өзбекстан мемлекеттерінде мақта бағасы неліктен жоғары?,- деген сұрақтар болды. Мақта шаруашылығымен айналысатын аудандарда диқандар шетелдік трейдерлік компанияларға тәуелді екендігі жасырын емес. Бұл мәселе жылда қайталануда. Басқосудың мақсаты — осы саладағы барлық проблеманы талқылап, қорытынды жасап мақтаның нақты бағасын белгілеу. Шитті мақтаның зауыттарға өткізу бағасы әлемдік нарықтағы мақта талшығының бағасына тікелей тәуелді болғандықтан халықаралық Ливерпуль мақта биржасының индексіне сәйкес белгіленеді. Бүгінгі күнге халықаралық Ливерпуль биржасында орта талшықты мақта бағасының 1 келісі болжаммен 230 теңгені құрап отырғандығы айтылды. Жиын барысында шаруалар мен мақта зауыттарының басшылары мақтаның келісіне 250 теңгеден есеп айыруға, ал, сақтауға қойған шаруаларға ақпан айында сол кездегі бағамен айырмашылығын төлеу жөнінде қорытындыланды.