Цитрусты жемісті жерсіндірді Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданында цитрустық өсімдіктердің сан алуан түрі өсіріледі. Жердің жайын білетін, қолы епсекті диқан қауым лимонды да жерсіндірген. Климатқа сай келмейді деп бұрын лимон өсіруді қолай көрмейтін шаруалар. Бүгінде шетелдік өнімді өз аудасында өсіріп отырған диқан қауымы көп. Сайрам ауданындағы лимон өсіретін «Асылжан и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылыжайында лимон өсіріп, баптауда. Шаруашылықтың басшысы Үсенов Абай Ибрайұлы. Шетел асып келетін өнімді неге бізде өсірмеске деп ойлаған кәсіпкер лимонды жерсіндіруді әбден зерттеп, зерделеді. Оған қажетті дәрумендер мен тыңайтқыш табу да оңай шаруа емес екен. Алған бетінен қайтпайтын, көздеген мақсатына жетпей тынбайтын, табанды кәсіпкер ақыры лимонды егіп, жерсіндіріп үлгерді. Кәсіпкер көкөніс дақылдарын өсіру бағытында жұмыс атқарады. Осыдан бес жыл бұрын 30 соттық жерге Ташкент сортынан 300 түп лимон көшетін отырғызған болатын. Егілген көшеттің бірде біреуі рәсуа болмай, тамыр алып кетті. Бүгінде лимон ағаштары бау бақшада жайқалып өсіп тұр. Бірден өнім бермейтін лимонды қашан алғашқы нышан көрсеткенше күтіп, баптау қажжет. Биыл осы көшеттен алғашқы өнім күтілуде. Жалпы 10 тоннаға жуық лимон өнімін өндіру жоспарлануда. Диқаншылықтың қыр сырын жетік меңгерген Абай Ибрайұлы лимонның өнімділігін арттыру бағытында қажетті тыңайтқыштар мен дәрумендер беріп қана қоймай, оған ұдайы зиянкестер мен ауруларға қарсы күтім жасап отырады. Соның арқасында цитрусты жеміс зиянкестерге жем болмай, жайқалып тұр. Өнімді де биыл молынан салды. Бұтақтары иіліп өнімдері төгілгелі тұр. Жылыжайда 15 адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпкер жылыжайды іске қосуға 115 млн. теңге көлемінде қаржы жұмсаған. Тек қана лимон өсірумен ғана шектеліп қалмай ашық суармалы жерге 2,8 гектар аумағына картоп өсірумен де айналысады. Цитрусты өндіруді бастаған кәсіпкердің жұмысын қолдап, мемлекеттік қолдау көрсету қажеттілігін ұсынды.