Биыл 21 мыңнан астам кәсіпкерлік субьектісі ашылған Түркістан облысында кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді. Бүгінде облыста 2022 жылдың басынан бергі мәліметі бойынша өңірде шағын және орта бизнестің саны –164 385 бірлікті құрап отыр. Қызметтің негізгі салалары бойынша сандары: ауылшаруашылық саласы – 82 208 (50%); Сауда саласы – 37 046 (23%); Өңдеу өнеркісіп саласы – 5 835 (3,5%); Көлік және қоймалау саласы – 3 393 (2%); Құрылыс саласы – 3 277 (1,9%). 2021 жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда 21 219 кәсіпкерлік субъект ашылған. Мәселен, сауда саласында – 9 580 (+37%), Қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну саласында – 6 752 (+50,7%), Өңдеу өнеркәсібінде – 3 002 (+129,8%). 2020 жылдың қыркүйек айында 142 028 бірлік, 2021 жылдың қыркүйек айында 143 166 бірлік, ал 2022 жылдың басынан бері 164 385 бірлікті құрап +14,8 % артқан болатын. Кәсіпкерліктің өсу себептері, Мемлекеттік қолдау шаралары туралы халықтың хабардар болуынан өсуі (гранттар, несиелер және т.б.). Жеке кәсіпкерлікті ашудың жеңілдігі, Тексерулер мен профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізуге мораторий әсері. Шағын және орта бизнес өнімдерін шығару динамикасына келер болсақ, шағын және орта бизнес 2021 жылы 1,3 трлн теңге өнімін өндірген. Жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 26 пайызды құрайды. 2019 жылы шағын және орта бизнес 747 млрд теңге өнімін өндірсе, 2020 жылы 892 млрд теңгеге өндірген, ал 2021 жылы 1,3 трлн теңге көлемінде болған. Бұл әрине үлкен көрсеткіш әрине. Шағын және орта бизнестің дамуының арқасында жаңадан жұмыс орындары ашылуда. Жұмыспен қамтылғандар санының динамикасына келер болсақ, ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар саны 2022 ж 1 тоқсанда 222 009 адам. Облысымыздың жұмыс күшінің 26,9% құрайды. 2020 жылының 1 тоқсанында ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар саны 214 412 адам, 2021 жылы 1 тоқсанында 213 151 адам, ал 2022 жылы 1 тоқсанында 222 009 адамды құрап 4,1% артқан. Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету құралы бойынша 2021 жылы 17 582 кеңес берілсе, 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 11 714 кеңес берілді. 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне (ШОКС) 1 502 қызмет көрсетілді. 2021 жылы қаңтар-желтоқсан айлары аралығында 2 397 қызмет көрсетілген болатын. Маркетинг мәселелері жөніндегі қызметтер бойынша 171 бизнес-жоспар әзірленіп, оның 82 жобасы 3,1 млрд. теңгеге қаржыланды. Бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты қызметтер бойынша 520 млн. теңгеден астам сомаға салықтық есептер тапсырылу бойынша қызмет көрсетілді. Түркістан облысында 2017-2022 жылға арналған «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуға қатысушылар саны 17 840 адамды құрап, оның 7 164 қаржыландырылды. «Атамекен-Туркестан» МҚҰ» ЖШС арқылы жалпы сомасы 2 442 млрд. тг. болатын 306 жоба мақұлданып, соның ішінде жалпы сомасы 2 381 млрд. тг. болатын 304 жоба қаржыланды. Түркістан облысында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы жұмыс істейді. Түркістан облысы халық санының 49,2 % әйелдер, оның 78,8% ауылдық жерлерде, ал кәсіпкерлікпен айналысатындары 38,9% құрайды. Жалпы облысымызда әйел кәсіпкелердің саны 59 541: Сауда саласында – 20 841, ауылшаруашылық саласында – 18 842 дана, қызмет саласында – 10 829 қызмет етеді. Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығына 500-ден астам әйел кәсіпкерлер, сондай-ақ кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдер, бастаушы стартаперлер кеңес алуға жүгінді. Қазіргі таңда СММ негіздері сабақтары 4 рет онлайн форматта өтті, 31 әйел азаматтар оқып, сертификаттарын алды. Түркістан қаласында маусым айында «Нан және кондитерлік өнімдерді өндіру» кәсіптік мамандығына 35 әйел оқытылып, сертификат берілді. Қазіргі таңда «Тоқыма және тігін тігу» кәсіптік мамандығында 15 әйел оқытылуда. Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығынан кеңес алғандар саны: Орталықтарға жүгінетін әйелдердің проблемалары мен қажеттіліктерін анықтау, кеңес беру бойынша — 523 әйел; Даму әлеуетін анықтау үшін орталықтарға жүгінетін әйелдердің ағымдағы бизнес жағдайын сыртқы бағалауды ұйымдастыру, әлеуметті және сұранысты ескере отырып, бизнесті дамыту стратегиясын әзірлеуге жәрдемдесу – 228 әйел; Анықталған бағыттар бойынша, кооперация әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша оқытуды ұйымдастыру бойынша – 228 әйел; Бизнестің тұрақтылығы, бизнесті кеңейту, тәуекел менеджментті және өнімді өткізу нарықтарын кеңейту, өнім ассортиментін кеңейту, бизнес-процестерді жетілдіру мәселелерінде менторлықпен қамтамасыз ету бойынша – 24 әйел; Қаржыландыруға тартуға оқыту (краудфандинг, инвестициялар, гранттар, лизинг) – 31 әйел; Әйелдер кәсіпкерлігі өкілдерінің халықаралық жобаларға қатысуына жәрдемдесу (кәсіпкер әйелдерді хабардар ету) – 29 әйел; ШОБ және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған жабдықтарды іріктеу бойынша өндірушілермен консультациялар ұйымдастыру – 8 әйел. Соңғы әлетте облыста кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді.