Атырауда 600-ден астам оқушы STEAM (ғылым, технология, инженерия, өнер, математика) тегін білім беру бағдарламасын аяқтады. Курс Абай атындағы Оқушылар сарайында орналасқан JasSpace кеңістігінде өтті. Білім беру кеңістігі «Шеврон» компаниясының қолдауымен Орталық Азияның Еуразия қорының JasSpace:»Атырау жастарын дамыту бастамасының бөлігі» ретінде жұмыс істейді. JasSpace мынадай бағыттар бойынша тегін курстар ұсынады: анатомия, химия, робототехника, техникалық ағылшын тілі, сөйлесу бағытындағы ағылшын тілі, экология, видеография, 3D модельдеу және басып шығару, ағаш өңдеу және инженерияға кіріспе. Бағдарлама балаларды оқытумен қатар, мұғалімдердің біліктілігін арттыруды көздейді. Осылайша, тамыз айында 160 мұғалім қазақ және орыс тілдерінде STEAM тәсілін қолдану бойынша оқыту курсын аяқтады. Қазақстан президенті Қ.Тоқаев 10 қараша күні Атырау облысына жұмыс сапары барысында аталған кеңістікте болды. Президент 7-11 сынып оқушыларының жобаларымен танысып, JasSpace-тен болашақ ғалымдар мен нағыз шеберлер шығатынын атап өтті: «Облыста жұмыс істейтін шетелдік компаниялар білім беру, денсаулық сақтау және экология салаларындағы аймақтық мәселелерді шешуге атсалысуы керек. Үкімет әкімдікпен бірлесіп, бұл жұмысқа инвесторларды тартуы қажет. Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аудару керек. Бұл мәселені Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің қарауына енгізу керек. Мемлекет мүддесін ескере отырып, инвесторлармен бас келісімдер дайындау мәселесін тездетуге тапсырамын”. JasSpace жобасының табысты болуы білікті тренерлер мен инновациялық бағдарламаның арқасында ғана емес, сонымен қатар заманауи жабдықтардың мүмкіндігінен. Осылайша, “Шеврон” компаниясы Абай орталығын салып, STEAM кеңістігін 3D принтерлермен, лазерлік станоктармен, фрезерлік станокпен, токарлық станоктармен, Arduino жинақтарымен және басқа да жабдықтармен жабдықтады. Бұл қалада STEAM білім беруді белсенді дамытуға мүмкіндік береді. «Білім беру орталығының басты ерекшелігі – оқытуда STEAM тәсілін қолдану студенттердің негізгі құзыреттері мен дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді: жүйелі ойлау, икемділік, бейімделу, топтық жұмыс, коммуникативті дағдылар, шығармашылық, көшбасшылық және тұтынушыға бағдарлану. Студент курстарда тәжірибе жүзінде алған білімін тексере алады. Тәжірибелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын қатар жүргіземіз. Осы немесе басқа идеяны тәжірибе жүзінде жүзеге асыруға мүмкіндігі бар бала, әрине, одан әрі дамиды», — деді Еуразия бағдарламасының менеджері Салтанат Ноғайбаланова. Мұсабек Әдемі Төрежанқызы, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының 1-курс студенті.