Саясат ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЕМДЕУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ЖАТҚАН НАУҚАСТАР ДА БІР КІСІДЕЙ ДАУЫС БЕРІП ЖАТЫР Редактор 19.03.2023 9430 1 оқу мин Облыстық клиникалық ауруханада 650 науқас емделіп жатыр. Ауруханадағы 200-ден астам науқас сайлау учаскесіне өз бетімен келіп, дауыс беруде. Олардың барлығы дерлік алыс-жақын аудандардың тұрғындары. Базбірі қоларбамен келіп, өз таңдауын жасауда. Тұрғылықты жерлері әртүрлі болғандықтан бұл сайлаушылар тек партияға дауыс беретін болады. Солардың бірі Қазығұрт ауданынан келген Ділбар Иманқұлова бүгінгі сайлаудан көп үміт күтетінін айтады. «Бүгінгі сайлау мен үшін де, отбасым мен ауылдастырым үшін өте маңызды деп айтар едім. Себебі көп өзгеріс болады деп үміттенеміз. Әсіресе көп жылдар бойы қордаланған ауылдардағы ауызсу, жайылым, жол мәселесі шешілсе дейміз. Осы халыққа жаны ашитын, елдің қамын ойлайтын азаматтар сайланса деген тілегіміз бар», — дейді Ділбар Иманқұлова. Ал ауруханадағы өздігінен жүріп тұра алмайтын науқастарға сайлау учаскесінің өкілдері палатаға барып, дауыстарын қабылдауда. Олардың саны 400-ден астам. Айта кетейік, бүгін өңірде 1 млн 168 мыңнан астам адам дауыс беруге қатысатын болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 1 оқу мин Саясат ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 06.10.2025 39450 Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 1 оқу мин Саясат Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 18.09.2025 66656 Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 1 оқу мин Саясат Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 17.09.2025 74047