2023 жылдың 19 наурызында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарының сайлауы өтті. Сайлауға 7 саяси партия және 525 үміткер қатысты. Еуразиялық интеграция институтының деректері бойынша Exit poll нәтижесі: 53,46 пайызбен ең көп дауыс жинаған — Amanat партиясы. «Ауыл» партиясы — 10,52 пайыз, Respublica партиясы — 8.90 пайыз, «Ақ жол» партиясы — 7,87 пайыз, Қазақстан Халық партиясы (ҚКП) — 6,25 пайыз, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия — 5,31 пайыз, «Байтақ» жасыл партиясы — 3,22 пайыз. Ал дауыс берген сайлаушылардың 4,47 пайызы «барлығына қарсы» бағанын таңдаған. “Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы өткізген Exit poll нәтижесі бойынша: «Amanat» партиясы — 53,33 пайыз, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы — 11,26 пайыз, «Respublica» партиясы — 8,33 пайыз, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы — 8,87 пайыз, Қазақстан Халық партиясы — 6,93 пайыз, «Жалпыұлттық социал-демократиялық» партия — 5,12 пайыз дауыс жинаған. «Барлығына қарсымын» — 3,65 пайыз. Айта кетейік, Еуразиялық интеграция институты еліміздің 17 өңірінде және үш мегаполисте сауалнама жүргізген болатын. Сауалнама 200 сайлау учаскесін қамтыды. Олар face-to-face әдісімен 30 мыңнан астам адаммен сұхбаттасты. ОСК деректеріне сәйкес, Мәжіліс пен мәслихаттарға сайлауда тізімге енгізілген 12 миллион адамның 6,5 миллионы дауыс берген. Бұл сайлаушылардың 54,1 пайызын қамтиды. Саяси науқанға қатысқан аймақтардың ішінде белсенділігі ең төмен аймақ — Алматы қаласы. Ал Қызылорда облысы 67,21 пайызбен бірінші орында тұр.Алтынай Жетписбаева, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы “Компьютерлік технологиялар” кафедрасы “Медиажурналистика” мамандығының 3-курс студенті