Саясат Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды Редактор 24.03.2023 11578 Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болып Асхан Мархабайұлы Байдуалиев тағайындалды. Бұл қызметке ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен қызметінен босатылған Марат Пашимовтың орнына келді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысын таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі. Жауапты басшылық лауазымдарда үлкен жұмыс тәжірибесі бар екенін атап өтті. Сонымен қатар басқарманы 3 жылдан бері басқарып келген Марат Пашимовқа құрмет көрсетіп, алғыс айтты. – Сізді білікті, қабілетті басшы деп білеміз. Дамудың жаңа биігіне қол жеткізген Түркістанның түрленуі бағытында аянбай еңбек еттіңіз. Еліміздің өркендеуі мен баянды болашағы жолында әлі де талай ел сүйсінер елеулі істер атқаратыныңызға сенемін, – деді облыс басшысы. – Өңірдің медицина саласын дамыту бойынша өзіңіздің қолдауыңызға алғыс айтамын. Пандемия кезінде қиын сәтте тағайындалған едім. Бастамалардың сәтті жүзеге асуына сәттілік тілеймін. Ел үшін қызмет еттік деп ойлаймын. Өңіріміз өткендей берсін, – деді Марат Пашимов. Байдуалиев Асхан Мархабайұлы – уролог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты. С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің түлегі. 1972 жылы Кентау қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын урология және жедел нефрология кафедрасының ассистенті болып бастаған. Алматы облысы, Қарасай аудандық емханасының директоры, Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің қосымша кәсіптік білім беру орталығының басшысы болған. С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің клиникалық жұмыс департаментінің директоры және Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. 2020 жылдан бері Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасын басқарған. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Аида Балаева Санкт-Петербургте өткен Халықаралық біріккен мәдениеттер форумының жұмысына қатысты 1 оқу мин Саясат Аида Балаева Санкт-Петербургте өткен Халықаралық біріккен мәдениеттер форумының жұмысына қатысты 12.09.2025 3922 Америкалық инвесторларға Қазақстанның креативті нарығы таныстырылды 1 оқу мин Саясат Америкалық инвесторларға Қазақстанның креативті нарығы таныстырылды 06.09.2025 11964 «Форсаж» және «Рэмбо» продюсері Шымкенттегі Global Tech Wave Central Asia конференциясына келеді 1 оқу мин Саясат «Форсаж» және «Рэмбо» продюсері Шымкенттегі Global Tech Wave Central Asia конференциясына келеді 05.09.2025 15583