Руханият ТҮРКІСТАН: ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫНДА «РУХАНИЯТ» САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ Редактор 29.03.2023 21087 1 оқу мин Түркістан қаласында «Руханият» саябағы қолданысқа берілді. Аталған саябақ шаһардағы «Яссы» секторында орналасқан. Саябақтың ашылуында сөз алған облыстық Ардагерлер алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов, қаланың зиялы қауым өкілі Әскер Әбдікәрімов, Түркістан облысының бас имамы Ержан Төлепов, қаланың бас имамы Мұхамеджан Ергешбайұлы Рамазан айындағы игі бастамаға ризашылықтарын жеткізіп, ізгі лебіздерін білдірді. Бұл саябақтың жалпы аумағы — 7 гектар. Демалушылар үшін мұнда 120 орындық қойылып, саябақ іші 200 дана жарықшаммен қамтылған. Cондай-ақ, саялы бақта 8000 түп ағаш егіліп, жасыл аймақ аумағы кеңейтілген. Балалар ойын алаңшасы жасақталған. Одан бөлек, 3 автотұрақ аумағы және веложол бар. Және келушілерге іс-шаралар өткізу үшін 2000 м2 жерге созылған ашық алаң қарастырылған. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Бәрі жабылады… 1 оқу мин Руханият Бәрі жабылады… 12.05.2026 6753 «Шымқала кештері» концерттік іс-шарасы бастау алды 1 оқу мин Руханият «Шымқала кештері» концерттік іс-шарасы бастау алды 11.05.2026 7642 Түркістанда республикалық ақындар айтысы өтті 1 оқу мин Руханият Түркістанда республикалық ақындар айтысы өтті 25.03.2026 17647