Руханият ТҮЛКІБАСТА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «PLAY TIME» ОЙЫН-САУЫҚ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Редактор 02.04.2023 26050 1 оқу мин Түлкібас ауданының орталығында заманауи балалар ойын алаңшасымен қамтылған «Play time» кешенінің ашылу салтанаты болды. Салтанатты шараға аудан әкімі Нұрлан Байғұт және ауыл ардагерлері қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа ғимаратымен құттықтап, ғимарат лентасын қыйды. Игі іске мұрындық болған кәсіпкерге аудан басшысы ризашылығын білдіріп, Алғыс хат табыс етті, ақсақалдар батасын берді. Жеке кәсіпкер Дилара Қайшыбекова нысанды жалға алып, ішіндегі ойын элементтеріне 25 млн.теңге қаржы жұмсап отыр. Жалпы аумағы 700 шаршы метрді құрайтын кешенде балалар ойын алаңшасынан бөлек, ата-аналарға арналған күту орны мен келушілерге кафе қарастырылған. Кешенге 2 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға кіру рұқсат етіледі. Билет құны жұмыс күндері әр балаға — 2000 теңге. Демалыс және мереке күндері — 2500 теңге. Екі жасқа дейінгі балаларға кіру тегін. Еске сала кетсек, аталған кешен сағат 11:00-ден 23:00:ге дейін жұмыс істейді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Бәрі жабылады… 1 оқу мин Руханият Бәрі жабылады… 12.05.2026 6753 «Шымқала кештері» концерттік іс-шарасы бастау алды 1 оқу мин Руханият «Шымқала кештері» концерттік іс-шарасы бастау алды 11.05.2026 7642 Түркістанда республикалық ақындар айтысы өтті 1 оқу мин Руханият Түркістанда республикалық ақындар айтысы өтті 25.03.2026 17647