Бүгінде Түркістан облысындағы егістік алқаптары қайнаған еңбек алаңына айналған. Егін егу, көкөніс қондыру сынды жер емген шаруалар өз кәсіптеріне кірісікен. Биыл көктемгі дала жұмыстары үшін облысымызға 48,2 мың тонна жағармай бөлінген болатын. Оның ішінде ақпан айында дизель отынының 13,8 мың тоннасы берілсе, наурыз айына – 13 мың, сәуірде – 11,4 мың, мамыр айына 10 мың тоннасы таратылып берілді. Егістік жұмыстарына аса қажетті жанар-жағармайды жеткізу жұмыстары басты назарда тұр. Күнгейлік облыс бойынша дихандардың барлығы да жаздық дақылдардың тұқымымен толық қамтылған. Егіске қажетті 0,5 мың тонна жоңышқа, 7,8 мың тонна масақты дақыл, 1,5 мың тонна мақсары, 3,4 мың тонна мақта, және 0,9 мың тонна жүгері тұқымы қамбада сақтаулы тұр. Аса өтімді өнімнің бірі картоптың тұқымы солтүстік облыстардағы ірі шаруашылықтардан сатып алынады. Өте сапалытұқым болған соң шығымы да жақсы, түсімі де жақсы. Тұқым шаруашылықтарын қолдауға облыстық бюджеттен 600 миллион теңге бөлінген болатын. Облыста 23,9 мың ауыл шаруашылығы техникасы бар. Олардың көктемгі дала жұмыстарына дайындығы бүгінде 93 пайызды құрайды. Оның ішінде трактордың 96 пайызы, дән сепкіштердің 98 пайызы, соқалардың 98 пайызы, қопсытқыштардың 97 пайызы науқанда дала төсін дүбірлетіп, егін салуда. Жалпы облыс бойынша жоспарланған жаздық егістіктің 496,8 мың гектарының әзірге 31,8 мың гектары егілді. Атап айтқанда, 75,7 мың гектар масақты дақылдардың 17,5 мың гектары яғни, 23 пайыз, 45,8 мың гектар жоңышқаның 3,7 мың гектары яғни, 8 пайыз, 44,9 мың гектар көкөністің 6,3 мың гектары яғни, 14 пайыз, 15,3 мың гектар картоптың 4,3 мың гектары яғни 28 пайызы егілді. Қазір жоспарланған барлық алқапты игеруге күш салынуда. . Мол өнім алудың кепілі тыңайтқыш болса керек. Облыс қамбасын қомпатуға үлес қосатын барлық аудандар аумағында минералды тыңайтқыштар тапшылығын болдырмау үшін отандық тыңайтқыш өндіруші «Қаз- Азот» АҚ-мен меморандум түзілген болатын. Алпауыт кәсіпорынның кпілдігі зор. Соның нәтижесінде «ҚазАзот» АҚ-ның өндірістік қуаттылығын есепке ала отырып, облысқа жалпы көлемі 60 мың тонна аммиак селитрасын жеткізу жөнінде келісім жасалған. Келісім күшінде тұр. Облыс аумағындағы қоймада 25 мың тонна минералды тыңайтқыш бүгінде «ҚазАзот» АҚ-ның Сарыағаш ауданындағы базасында жеткізілген. Қажет кезінде шаруалар осы қоймадан ала алады. Дихандардың қолдауда субсидияның алар орны ерек екені белгілі. Облыста 500 түрлі минералды тыңайтқыштар құнының 50 пайызын субсидиялауға 6,5 млрд. теңге бөлінді. Ауқымды қаражат орны орнымен жұмсалған жағдайда, бұған 71,2 мың тонна минералды тыңайтқыш субсидияланады.