Елімізде тоқыма кластерін дамытуға барынша жағдай бар. Мақтаарал, Жетісай, Шардара аудандарында мақта өсіріледі. Дайын мақтадан тоқыма саласын өрістетуге мүмкіндік мол. Енді алдағы уақытта бұған мол мүмкіндік ашылып отыр. Күні кеше Қазақстан мен Өзбекстан арасында келелі кеңес өтті. Екі жақты алыс-берісті дамытуға бағытталған меморандумдар құрылыс саласынан бастап тоқыма өнеркәсібіне дейін қамтиды. Экспорттық келісімдерден бөлек, қазақ-өзбек іскерлік кеңесінің отырысында кәсіпкерлердің өзекті мәселері де талқыланды. Ташкенттегі жиынға еліміздің 10 шақты өңірінен 32 компания мен кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты. Ал Өзбекстан тарапынын, қазақстандық нарыққа қызығып отырған 39 кәсіпорын мен сауда палатасының мамандары жиналды. Бұл туралы Атамекен порталы хабарлады. Ел кәсіпкерлері көрші мемлекеттің бизнесімен байланысты нығайтып жатыр. Екіжақты алыс-берісті дамытуға бағытталған меморандумдар құрылыс саласынан бастап тоқыма өнеркәсібіне дейін қамтиды. Мұндай шаралар Ташкентте Қазақстан — Өзбекстан Іскерлік кеңесінің V отырысында талқыланды. «Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы өңіраралық ынтымақтастық шеңберінде өнеркәсіптік кооперацияны дамыту» тақырыбында өткен кеңесте экспорттық келісімдерден бөлек, кәсіпкерлердің өзекті мәселелері де талқыланды. Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев көршілерге өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері туралы таныстырды. «Біз Өзбекстанмен тығыз сауда-экономикалық байланыстамыз. 2022 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 4,9 млрд доллар, облыс пен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 445,7 млн доллар болды. Бұл жалпы тауар айналымының 51,7% құрайды. Негізінен Қазақстаннан бидай, смартфондар, жеңіл автомобильдер, ұн, ірі қара малдың еті экспортталады. Ал автомобиль бөлшектері мен керек-жарақтары, кендер мен концентраттар, тыңайтқыштар, жемістер мен көкөністер импортталады», – деп атап өтті Асылан Ибадуллаев. Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Өзбекстанмен тауар айналымы, агроөнеркәсіп кешені, азық-түлік белдеуі, өнеркәсіп, туризм, жаңартылатын энергетика және өңірдің тауашалық жобаларына тоқталды. «Осы бағытта сіздерге толық циклді ет комбинатын, құс етін терең өңдеу зауытын салуды, ұсақ мал өнімін қайта өңдеу бойынша ет өңдеу комбинатын, қант зауытын, жылыжай кешенін салу, шырын өнімдерін өндіру, бақша дақылдарын қайта өңдеу зауыты, жиһаз өндіру цехы және басқа да көптеген жоба ұсынылды. Сіздің жобаңызды іске асыру үшін біздің мамандар қажетті жер учаскесін алуға, шикізатты ұйымдастыруға, өнімді шетелде жылжытуға, талдамалық және техникалық қолдау көрсетуге дайын. Біз ынтымақтастыққа қуаныштымыз және екі жақтан да жемісті нәтиже күтеміз», – деді Асылан Ибадуллаев. Ташкенттегі жиынға еліміздің 10 шақты өңірінен 32 компания мен Қазақстан Сыртқы сауда палатасы, Қазақстандық өндірушілер одағы, Сауда қауымдастығы, «Open Turkistan» ЖШС туризм және аналитиканы ілгерілету бөлімі мен кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты. Ал Өзбекстан тарапынын қазақстандық нарыққа қызығып отырған 39 кәсіпорын мен сауда палатасының мамандары, Ташкент қаласы СӨП аумақтық басқармасы, «Өзбекбалықсаноат» қауымдастығы, Өзбекстанның тамақ өнеркәсібі қауымдастығы жиналды. Кеңес соңында В2В форматындағы екіжақты кездесулер өтті.