Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданы, Шарбұлақ ауылдық округіндегі «Сапа-2002» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қазақтың май құйрықты ірі жүнді қой тұқымын көбейтуге маманданған. Алыстағы шаруашылықтарда 5000 бас қой бар. Білікті басшы Нұржан Әшіров басқаратын серіктестіктің өзінің жеке жем-шөп базасы бар. Жылына 3000 тоннадан астам түйіршіктелген жем шығаратын шағын цехы тағы бар. Олар мақсары майын өз зауытында өңдегеннен кейін қалған қалдығын да пайдаланады. Яғни, қалдықсыз технологиямен жұмыс істейді. Қыс қатты болса да қыстан күйлі шыққан шаруашылық малдан төл алу науқанын жақсы өткізді. Орталық кентте 10 мың бас қойға арналған заманауи бордақылау кешені бар. Ол 2017 жылы іске қосылған болатын. Мұнда шаруашылықтардан жас малдар әкелініп, ғылыми тұрғыда теңдестірілген рацион бойынша бағылады. Бордақыланған малдарда ешқандай да химиялық қоспалар жоқ. Барлығы табиғи. Ал жас төлдер тез салмақ қосады. Қара түсті элиталық ірі жүнді қошқарлар сатып алынған. Меринос қойлардың жайы бір бөлек. Қойдың бұл тұқымы шаруашылық өсіріліп, бордақылануда. Мұнда бәрі де бір ізге түсіріліп жүйеленген. Әбден бағылып, бордақыланған мал союға жіберіледі. Серіктестік бордақылау алаңынан өткен 3000 бас қойын сатып үлгерді. Қажетті салмақ қосқан малдар сою цехтарына тапсырылады. Алдағы уақытта шаруашылық жеке мал сою алаңын салуды жоспарлап отыр. Аты айтып тұрғандай «Сапада-2002»-нің бордақыланған мал еті өте сапалы. Сондықтан да болар сатып алушылардың қатары көп. 2018 жылдан бастап Өзбекстанға тірі және сойылған күйінде экспортталады. Қос саланы қатар ұстаған яғни, мал шаруашылығында да, егін шаруашылығында да өзіндік ойып тұрып алар орны бар серіктестік басшысының алға қойған жоспарлары көп. Мал басын көбейтіп, егін шаруашлығынан да мол түсім алады. Одан бөлек астық және мақсары өндіру бойынша жетекші орында. Мақсары майы соңғы әлетте сұранысқа ие болып келеді. Мақсарыны өңдеу үшін серіктестік өзінің май зауытын салды, онда барлық қазығұрттықтар мақсары сатады. Мақсары майы, мамандардың пікірінше, көптеген пайдалы қасиеттерге ие. Бірақ ол бізде дамымаған. Оны жарнамалаумен, ішкі нарықта алға жылжытумен ешкім шындап айналысып жатқан жоқ. Бірақ Қытайда бұл қазақстандық өнім үлкен қызығушылық тудырып отыр. Қазығұрттың мақсары майы енді шетелге де экспортталмақ. Мол астық алу үшін элиталы сұрыпты бидай тұқымын сатып алады. Бүгінде Красноводопад селекциялық тәжірибе станциясының мамандарымен тығыз байланыста. Қай сала болсын жаңа заманауи технологиядан қалыс қалмау керек деп санайтын Нұржан Әшіров Бразилиялық Vence TUDO компаниясының егіс қондырғыларын сатып алған болатын. Аталған техниканың арқасында мол өнім алуға қол жеткізілді. Соны инновациялық технологиялар мен тікелей себу арқылы бидай өсіруде. Тәжірибе алмасу үшін келетін шаруашылықтар көп. Агроөнеркәсіп кешенінде автоматтандыруды көптеп ендіруді көздеп отыр. «Сапа-2002» Түркістан облысы бойынша мал шаруашылығы саласынада да, астық өндірушілер арасында да озаттарының қатарында. Атына заты сай шаруашылық алдағы уақытта көптеген өндірістік жоспарлар құрып отыр.