«Бөрте Милка» ЖШС-нің өнімдері бүгінде күнгейліктердің ғана емес, бүкіл еліміздің сүйікті асына айналды. Өте сапалы сүт өнімдерін іздеп жүріп алатындар баршылық. Компания технологтары ұдайы ізденіс үстінде. Тұтынушыларын үнемі жаңа өнімдермен қуантуға тырысады. Бүгінде нарықта сапасыз құрт өнімдері қаптап кеткені белгілі. Дәмі жоқ, иісі жоқ, құрамына не қосылғаны белгісіз ондай өнімдерді тұтынудың өзі қорқынышты. Ал «Бөртенің» құртын бүгінде іздеп жүріп сатып алатындар көп. Дәмі тіл үйіретін жұп жұмсақ құрттар көп дүкен сөрелерінен табыла бермейді. Тез таусылып кетеді. Соңғы екі жылда балмұздақ пен қышқыл сүтті сусын «Бөрте таңы» тұтынушыларға ұсынылды. Әзірге оны жоғары бағалаушылар көп. Ал «Бөртенің» балмұздағы да керемет. Ол табиғи сүттен жасалған. Оны жасайтын жабдық Түркиядан сатып алынған. Дәмі өзгеше балмұздақтың саудасы жаздың аптап ыстық күндерінде қыза түседі. Қышқыл сүтті газдалған «Бөрте таңы» сусыны да үлкен сұранысқа ие. Бұл ішек микрофлорасын қалыпқа келтіруге және ағзадағы су-тұз балансын қалпына келтіруге көмектеседі. Сергітетін, салқын, ол аштық пен шөлді тамаша қанағаттандырады. Биыл жұмсақ қаптамадағы айран өндірісін қайта қолға алып, 200 миллиграмдық ыдыстарға био-йогурт жасап шығарып жатыр. Өзгелерден өзгешелігі көп отандық өнімнің дәм расында тіл үйірерліктей. Қоспалары жоқ табиғи өнімнің тұтынушылары да көбейіп келеді. Алдағы уақыттағы жоспарда ірімшік өндіру де бар. Оларды шығару үшін қажетті құрал-жабдықтар да толығымен алынған. Бөртенің ассортиментінде барлығы 20-ға жуық түрі бар: қаймақ, пастерленген сүт, айран, сүзбе, құрт, йогурт және балмұздақ. Зауыт цехтарында орнатылған жоғары технологиялық итальяндық қондырғылардың артықшылықтары көп. Қол еңбегін аса қажет етпейді. Бәрі де автоматтандырылған. Сүт өнімдерін өндіру технологиясын қатаң сақтауға мүмкіндік береді. Жаңа өнімдердің дәмін күнгейліктер жоғары бағалады. «Бөрте Милка» ЖШС фирмалық пакеттеріндегі сүт, сүзбе, қаймақ, айран, құрт, йогурт, май санаулы сағатта-ақ сатылып кетеді. Бүгінде тұздалған айран, құрт және қаймақ нарықта көш бастап тұр. «Бөрте Милка» компаниясы ең алдымен сапаға көңіл бөледі. Соның арқасында бүгінде тұтынушылар қатары артып келеді. Одан кейін, экологиялық тазалыққа және артықшылықтарға сүйенеді. Бұл да өз өзін ақтаған технология. Сүт өнімдерінің жарамдылық мерзімін ұзарту үшін консерванттар мен қоспаларды пайдаланбайды. Ең басты артышылығы да осында. Табиғи сүттің дәмі мен құрамы өзгеріссіз қалады. Отандық өнімді таңдайтын қазақстандықтар көбейіп келеді. Агрокешендерді дамыту бағдарламасының берері көп екені белгілі. Айта кету керек, «Ордабасы» серіктестігінің сүт-тауарлы фермасы Қазақстандағы оның ішінде Түркістан облысындағы ең заманауи 3 кәсіпорынның қатарына кіреді. Процесті толық автоматтандыруға байланысты көп күшті қажет етпейді. Қазір шаруашылықта 500-ге жуық сауын сиыр бар. Ірі қараның рационының бәрі бақылауда. Шаруашылықтың өзі өсіретін гидропоникалық жасыл жемшөппен қоректендіреді. Малды бордақылау табысты мал шаруашылығының маңызды бөлігі болып табылады. Гидропоникалық жасыл жемшөп — бұл шын мәнінде ең қолайлы жағдайларда өсетін, осылайша саны мен сапасы жағынан тұрақты жоғары өнімділікті қамтамасыз ететін өнген дәнді дақылдар немесе бұршақ дақылдары. Өсімдікті топырақсыз өсіру әдісінің гидропоника, агрегато¬по¬ника, хемопони¬ка, ионитопоника, аэропоника сияқты бірнеше түрі бар. Мәселен, гидропоника тәсілінде тамыр жүйе¬сінің тіршілік ортасы минералды тұз-дардың судағы ерітіндісі болып табы¬лады. Яғни, өсімдіктің тамыры үнемі тек қана суға малынып тұрады. Сапалы және генетикалық түсінікті жасыл тағамның құрамында тәбетті жақсартатын, қоректік заттардың сіңімділігі мен ассимиляциясын арттыратын, өнімділікті арттыратын аминқышқылдары, майлар, талшықтар, микро және макроэлементтер, В дәрумендері, каротин, селен және басқа да бірқатар биологиялық белсенді заттар бар. Гидропоника, ғалымдардың пікірінше, егіншілік пен мал шаруашылығындағы нағыз соны технология. Сол арқасында ірі қаралар жыл бойына қанша қажет болса, сонша жас шөп жейді. Ал тоқ малдың сүті де мол болатыны сөзсіз. Бұл жағынан алғанда «Бөртенің» ірі қаралары алдына қара салмайды. Оның үстіне шөпті өсіру үшін әрине гектарлаған егіс керек, ол үлкен күшті қажет етеді. Әрі оған қанша техника керек, техникаға жанар жағар май керек деген сияқты. Ал бұл шөп аз ғана аумақта жабық кешенде өсіріледі, әрі жыл бойы егін жинауға мүмкіндік береді. Осындай артықшылықтары көп. әрі дала шөбіне қарағанда бұл шөптің сіңімділігі жоғары. Пайдасы да мол. Шаруашылық бүгінде гидропоника өндірудің қыр сырын терең меңгерген. Соның арқасында күніне тоғыз тонна гидропоникалық жасыл жем өндіреді. Оны сиырлардың рационына енгізу сүт өнімділігін екі-үш литрге арттыруға мүмкіндік берді. Сиырлардың ішіп жемі қатаң қадағаланады. Қазір фермада сегіз сауын роботы бар. Бүгінде мұндай робот бір қазақстандық кәсіпорында – Өскеменде ғана бар. Сенсорлар лазермен емес, бейнекамерамен басқарылады. Алдағы уақытта роботтарды көбейтуді жоспарлап отыр. Өте тиімді әдістің берері көп. Алдағы уақытта шаруашылық жанынан ет өңдейтін цех салу да жоспарда бар. Шұжық пен бұқтырылған өнімдерді шығармақ. Осылайша бір шаруашылықтың өзінде бірнеше өнім өндіретін бөлім бар. Басты ұстаным санға емес сапаға жұмыс істейді. Сондықтан да бөртеліктердің өнімі қоймада шаң басып жатып қалған емес. Сауда нүктелеріне түскен бойда сатылып кетеді. Бұл да болса атына заты сай компанияның өзіндік бренд қалыптастырып үлгергенін көрсетсе керек.