Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданындағы Қызылқия ауылдық округіндегі «Қараша-Агро» ЖШС-і жаңбырлатып суару әдісін пайдаланып, жоңышқа егумен айналысады. Суғару әдісі өте тиімді болып отыр. Жылына 2-3 рет орым орады шаруалар. Соның арқасында мал азығынан тапшылық жоқ. Әрине мал шаруашылығына маманданған ауданда мал азығын, жем-шөпті дер уақытында жинап алу басты назарда тұрады. Бүгінде Қазығұрт ауданында мал шаруашылығымен айналысатындардың қарасы қалың. Мал бордақылаумен, етті, сүтті бағытта еңбектеніп жатқандар жетерлік. Жаңа технологиялардың ендірілуі облыс агроқұрылымдарын қол жетімді мал азығымен қамтамасыз етіп, мал шаруашылығының даму қарқынын арттыруға жол ашады. Аудан көлемінде жалпы мал азығы көлемін арттырып, егістікті әртараптандыруды жалғастырып, жоңышқа өсіруді дамыту бүгінде жақсы дамыған. Жер құнарлылылғын арттыру бүгінде басты назарда тұр. Сондықтан да ауыспалы егін егу тәсілін ендірілуде. Соның арқасында жаңа нөлдік технологиямен өнім алуды Түркістан облысында дамып келеді. Мұндай тәсілді облыстың әртараында орналасқан аудандарда кеңінен қолданылуда. Шаруалар бұл тәсілдің тиімді екендігін айтып отыр. Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданы, Шарбұлақ ауылдық округі, «Сапа-2002» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұдайы жаңа технологияларды ендіруде алдыңғы қатарда. Биылғы егін орымы жспарланған межеден асып түседі деп отыр. Топырақ құнарын сақтау және оны арттыру, тұрақты мол өнім алу мақсатында дақылдарды және танаптарды алмастырып отыру яғни, ауыспалы егістік жүйесі бүгінде өзінің тиімілігін дәлелдеген жүйе. Түрлі егіс дақылдарын алмастырылып егілгенде, өнім көрсеткіштері жоғарылайды. Мұндай танаптардан мол өнім алынуда. Соның арқасында жердің құнарлылығы артып, топырақ эрозиясы төмендейтіні дәлелдеуді қажет етпейді. Сонымен қатар, егістіктің ластануы, зиянкестер мен ауру қоздырғыштардың көбеюі азайып отыр. Бұл да болса шаруаларға үлкен көмек. Жыл сайын егістік зиянкестеріне қарсы дәрілеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл қосымша шығын екендігі рас. Қазығұрт ауданында жалпы егістік көлемі 100 мың гектардан асады. Облыстағы ірі шаруашылықтардың басым бөлігі де осы ауданда. Облыс бюджетін қомақтыландыруға қомақты үлес қосып отырған да осы шаруашылықтар. Көктемгі егін салу жұмыстарының қорытындысымен меже 100 пайызға орындалып, аудан толығымен астық тұқымдарымен қамтамасыз етілген болатын. Биылғы дала жұмыстарын жүргізу есебі бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары 845 мың гектарға егіліп, белгіленген межеде толығымен аяқталды. Ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру шеңберінде биыл мал азықтық дақылдардың көлемі 4,1 мың гектарға артып 217 мың гектарға егілді. Егіс науқанына 20 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникалары тартылды. Жыл сайын күзде ауыл шаруашылық еңбеккерлерінің еңбегін бағалайтын кезеңде қазығұрттықтар алдыңғы орындардан көрініп жүр. Еңбекқор аудан шаруалары жыл сайын мол өнім жинап, жоспарланған медені артығымен орындап жүр.